АймақТеміртау

Теміртаудың жас дәрігерлері 85 пәтер алады

Теміртауда дәрігерлер үшін ғимараттарды қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Университетті бітіргеннен кейін қаланың түрлі медициналық мекемелеріне жұмысқа келген жас мамандар қажетті жиһазбен жабдықталған 85 пәтер алады. Жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек құрылыс нысандарында болды.

– Бұл бұрынғы жатақхана болатын. Қазір біз оны толықтай жөндеп жатырмыз. Мерзімі бойынша біз келесі жылдың жазында аяқтаймыз. Мұнда 1 және 2 бөлмелі пәтерлер бар, – деді «Каздорстройтех» ЖШС директоры Тахир Рахматуллин.

Өңір әкімі сондай-ақ Теміртауда Белгісіз сарбазға арналған гүлзар қалай ретке келтіретінін тексерді. Қырлы тас төсеу жұмыстары аяқталуда, балалар алаңдары ойын кешендері мен көше тренажерлары орнатуға дайын тұр. Қазіргі таңда аумақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Облыс басшысы жылыту маусымын өткізу мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Әсіресе, Жеңіс Қасымбекті ЖЭО-2-дегі 7-ші қазандықтың құрылысы қызықтырды. “АМТ” атқарушы директоры Вадим Басиннің айтуынша, жабдықтың бір бөлігі келді, оны келесі жылы орнату жоспарлануда.

– Жаңа қазандықтың құрылысы – бұл қалаға жылу мен ыстық су беретін станцияны кеңейту, бұл қазір теміртаулықтар үшін өте маңызды. Қалаға қуат жетпейтінін бәріміз білеміз, сондықтан оны тездету керек. Туындаған қиындықтарды тезірек шешіңіздер, – деп тапсырды Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, облыс әкімі ҚарГРЭС-1-де болды. Өңір басшысына кәсіпорынның жұмысы және жаңғырту жоспарлары туралы баяндалды.

Басқа материалдар

Back to top button