Бәрекелді!

Әріптесіміз – жүлдегер

Облыстық дін істері басқармасы жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында дін саласындағы мәселфелерді жариялау бойынша облыстық байқау өткізіп келеді. Биыл байқаудың «Облыстың баспа басылымындағы ең үздік жарияланым» номинациясында бақ сынаған әріптесіміз Қасымхан ҒАЛЫМ ІІ орынды жеңіп алды.

Байқауға журналистерден 14 өтінім түскен. Дін саласындағы мәселелерді үздік жариялаған БАҚ өкілдерін комиссия мүшелері ашық дауыс беруі арқылы анықтады.

– Қазіргі таңда экстремизм мен терроризм өршіп тұр. Осы мәселелердің алдын алу үшін басқарма тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Ал, бұл қатарда журналистердің де еңбегін айтпай кетуге болмайды. Алдағы уақытта мұндай шаралар жалғасады, – деді облыстық дін істері басқармасының басшысы Дулат Халел.

Комиссияның шешімімен «Облыстың баспа басылымындағы ең үздік жарияланым» номинациясы бойынша І орынды Жезқазған қаласының «Жезказганский вестник» газетінің Бас редакторы Эльвира Алпанбаева иеленді. Ал, ІІІ орынды «Приозерский вестник» газетінің тілшісі Нұрғали Қарабеков алды. «Үздік телерадио және интернет материалы» номинациясында «Saryarqa» телеарнасының тілшісі Мақсат Бейсенаев топ жарды. ІІ орынды «Хабар» телеарнасының тілшісі, елордалық Айгүл Амантаева, ІІІ орынды Сәтбаев қаласының «Aqsham» телеарнасының тілшісі Владимир Романьков иеленді.

Өз тілшімізден.  

Басқа материалдар

Back to top button