ДДСҰ: індеттен қайтқандар 4 пайызға өсті
Соңғы аптада 16 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 74 мыңнан астамы қайтыс болды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сейсенбі күні кешке ковид жұқтырғандар саны алдыңғы жеті күнмен салыстырғанда 19%-ға азайып, ал қайтыс болғандар саны 4%-ға өскенін мәлімдеді дейді ресейлік ТАСС агенттігі. Оның апталық бюллетенінде 7-13 ақпан аралығында COVID-19 вирусын жұқтырушылар саны өткен аптамен салыстырғанда 19%-ға азайғаны көрсетілген.
Ұйым 16 097 642 адам ковид жұқтырғаны туралы хабарлама алды. 74 494 өлім тіркелді, бұл алдыңғы жеті күнмен салыстырғанда 4%-ға артық. Өткен аптамен салыстырғанда (31 қаңтар – 6 ақпан) вирус жұқтырғандар санының артуы Тынық мұхитының батыс аймағында тіркелді.
Сонымен бірге, ДДСҰ-ның қалған бес аймағында аурушаңдық төмендеді. Әсіресе, айтарлықтай төмендеу Оңтүстік-Шығыс Азияда, Америкада және Африкада тіркелді. Бір аптада әлемде жаңа инфекциялардың 60%-ын құрайтын Еуропада бұл көрсеткіш 16%-ға төмендеген. Өлім-жітім Шығыс Жерорта теңізінде, Батыс Тынық мұхитында, Африкада, Америкада және Еуропада өсті. Бұл ретте Оңтүстік-Шығыс Азияда 9%-ға төмендеді.
Ресейде бір аптадағы ең көп инфекция жұқтыру – 1 323 391 жағдайы тіркелді. Одан кейін Германия, АҚШ, Бразилия және Франция. АҚШ-та жеті күнде ең көп өлім-жітім тіркелген. Одан кейін Үндістан, Бразилия, Ресей және Мексика. ДДСҰ мәліметі бойынша, 15 ақпанда Мәскеу уақытымен 19:50-де ұйым 412 351 279 вирус жұқтырған және 5 821 004 адам қайтыс болғаны туралы ақпарат алған. Вирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 1 469 326-ға, қайтыс болғандар 7 351-ге өскен.
Жансая ОМАРБЕК.