Облыс әкімінің есебі қарсаңында

Технологиялық серпіліс жолында

Өткен жыл республикамыздың Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толуымен есте қалды. Тәуелсіздіктің үш онжылдығы Қазақстан үшін экономикалық прогресс пен орнықты даму дәуіріне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ атап өткендей, бұл – барлық қазақстандықтар үшін қорытынды жасайтын уақыт.

Цифрландыру саласының кешелі-бүгін ғана жасап жатқан қадамына қарамастан, облыста көптеген жұмыстар атқарылды. Есепті кезеңдегі жұмыс қорытындылары мен алдағы жылға жасалған жоспарлар туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Облыста «Senim109» бірыңғай үйлестіру орталығы өз жұмысын жалғастыруда, оның жұмысы барысында операторлар өңір тұрғындарынан 300 мыңнан астам өтініш қабылдаған. Оның ішінде өтініштердің 76 пайызы «бірінші қоңырау» сәтінде шешілген.

Тұрғындарға мемлекеттік мекемелермен және коммуналдық қызметтермен өзара әрекеттесу үшін ыңғайлы сервис ұсынылды. Статистика көрсетіп отырғандай, өтініштердің 68 пайызы байланыс орталығы арқылы және 32 пайызы баламалы цифрлық сервистер арқылы келіп түседі.

Орталықтың әлеуметтік парақшалары белсенді жүргізілуде, онда тұрғындарға мектептердегі сабақтың тоқтатылуы туралы, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің (су, электр қуаты, жылу, газ) авариялық және жоспарлы ажыратылуы, жолдарды жөндеу жұмыстары туралы өзекті ақпарат қолжетімді.

Өткен жылы ғимаратқа жедел медициналық жәрдемнің 103 – диспетчерлік қызметі, сондай-ақ 112 – кезекші қызметі көшірілді.

«Senim109» жұмысының жоспарында ағымдағы жылы ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға бейнеқоңырау шалу функциясын енгізу, операторларды ымдау (сурдо) тіліне оқыту, сондай-ақ өтініштерді қосымша ағылшын тілінде қабылдау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, байланыс орталығын ICCCI халықаралық стандарты бойынша сертификаттау жоспарлануда. Байланыс орталықтарын ISO 18295 стандарты бойынша сертификаттау – кез келген ұйымның байланыс орталықтарында клиенттерге көрсетілетін қызметтердің сапасын растаудың ең беделді және кәсіби жүйесі. Сертификаттау рәсімінен өткен ұйымдар клиенттердің қанағаттанушылығын арттыру, олармен өзара әрекеттесу сапасын үнемі жақсарту және шығындарды оңтайландыру арқылы бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізу, оны ұстап тұру сынды қосымша мүмкіндіктер алады.

Біздің қызмет көптеген операциялық процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін ауқымды жұмыс жасады. Тұрғындардың кері байланысы аймақтың «әлсіз нүктелерін» анықтауға және әкімдік пен оның бөлімшелері жұмысының тиімділігіне талдау жасауға мүмкіндік берді. Орталық жұмыс істеген уақытта шұғыл шешуді талап етпейтін мәселелер мен оқыс оқиғаларды шешуде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Біз қызмет жұмысының арқасында жүйеге мемлекеттік органдар жүктелгенін атап өтеміз. Өткен жылы мемлекеттік органдарға берілген ресми өтініштер саны 2020 жылмен салыстырғанда үштен бірге дейін азайды.

Жұмыс істеген уақытта 25 мыңнан астам өңір тұрғындарынан алғыс пен оң сипатта пікірлер келіп түсті, бұл біздің қызметіміздің жоғары тиімділігін және бізге артқан сенімділікті білдіреді. Ағымдағы жылы «Senim109» бірыңғай үйлестіру орталығының базасында «IQala» қалалық қызметтер орталығын ашу жоспарлануда, орталықтың міндеті – қызмет көрсету процесін автоматтандыру және бүкпесіз, ашық атқару, қағазбастылықты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алу мүмкіндігін жою, қызмет көрсетушілермен байланысты болдырмау. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтерді ұсыну, техникалық шарттарды беру және тағы басқа талаптар бойынша монополистермен шарт жасасу процесі көзбе-көз қатысуды талап етеді, әрі бірнеше күннен бірнеше айға дейінгі уақытты алады.

Мысалы, Қарағанды қаласында монополистердің кеңселері қаланың әр шетінде орналасқан, бұл орайда қызмет көрсетудің жалпы процесін түсінбегендіктен, монополистердің әр жақта орналасқан кеңселері арасында бірнеше рет қатынау қажеттілігінен кедергі туындап жатады. Сонымен қатар, қазір әр монополист көп ақша жұмсап, өз кеңсесін ұстауға мәжбүр. Орталықты құрудың мақсаты – инновациялық тәсілді енгізу арқылы қала тұрғындарының тұрғын үй-коммуналдық сектор ұйымдарының қызметтерін алуын жеңілдету. Өткен жылдан азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін маңызды «Қауіпсіз қала» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде облыстың Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Теміртау, Саран қалалары мен Осакаров кенті сынды алты өңіріндегі көшелерде, алаңдарда, саябақ аймақтарында 3 336 бейнебақылау камерасы орнатылды. Жол жүру ережелерін бұзуды тіркейтін 110 кешен іске қосылды. Алғашқы нәтижелер көп күттірмеді, өткен жылы облыс жолдарында апаттылық төмендеді. Зардап шеккендерді қоса алғанда, жол-көлік оқиғаларының саны 9%-ға кеміді (2020ж. – 532 ЖКО, 2021ж. – 484 ЖКО). Жобада қолданылатын бұлтты сервис жүйесі арқылы таратылған бейнебақылау жүйесінен әртүрлі деректер алуға, бұлтты қызметтер арқылы таратылған бейнебақылау жүйесін орталықтандырылған түрде басқаруға және бақылауға болады. Жобада пайдаланылатын, енгізілетін цифрлық шешімдердің арқасында адами факторды болдырмауға және сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайларды жоюға болады. «Өңірлік геоақпараттық портал құру» жобасының алдына да осындай міндеттер қойылды, оны іске асыруды біз өткен жылы бастадық. Порталда жер қатынастары, құрылыс және сәулет салаларындағы жер учаскелерін алу, құрылыс және реконструкциялау жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну және басқа да қызметтер сияқты мемлекеттік қызметтер автоматтандырылатын болады. Аталған мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру олардың көрсетілу мерзімдерін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Мысалы, бүгінгі күні жер учаскелерін беру 3 айдан 1 жылға дейін созылады, ал геопорталдың көмегімен бұл қызметті үйден шықпай-ақ, 3 күннен 20 күнге дейін алуға болады. Бұл жоғарыда айтқандай, қызмет көрсетуші мен көрсетілетін қызметті алушының тікелей қарым-қатынас жасауын болдырмауға мүмкіндік береді.

Цифрлық жобалар экономиканың басқа салаларында да іске асырылуда. Өткен жылдың желтоқсан айында облыс орталығында жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесі енгізілді. Сондай-ақ, өткен жылдан бастап аталмыш жүйе Балқаш қаласында да жұмыс істейді. Жезқазған қаласында ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап қаланың барлық автобус бағыттарында электронды билеттеу жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Қаланың автобус аялдамаларында тегін Wi-Fi нүктелеріне қосылу мүмкіндігі жасалады. Интернет желісіне қолжетімділік өңірдің цифрлық дамуындағы стратегиялық маңызды мәселе болып табылады. Соңғы үш жылда облыстың 140 ауылдық елді мекені жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді. Қарқаралы ауданының Қызылту және Айнабұлақ, Осакаров ауданының Пионерское және Құндызды, Шет ауданының Ақой және Батық ауылдарының тұрғындарында ұялы байланыс болмаған. Бүгінгі таңда көрсетілген елді мекендерде электрондық мемлекеттік қызметтер, қашықтықтан оқыту және тағы басқа қызметтерді қоса алғанда, қазіргі заманғы цифрлық сервистер қолжетімді. Таяудағы үш жылда облыстың 250 адамнан кем халқы бар 42 ауылдық елді мекені Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етілетін болады. Бұл – 5,5 мыңнан астам адам қамтылады деген сөз. Елді мекендердің тізбесін біздің ресми интернет-ресурсымыздан білуге болады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында елімізде кең ауқымды цифрландыру жұмысын жүргізу үшін 100 мың IT маманды дайындау қажет екендігін атап өтті. Осы тапсырма аясында өткен жылдың қазан айында Қарағанды қаласында өңірлік «Терриконды алқап» IT-hub іске қосылды. IT және digital-қоғамдастықтар, стартаптар және облыс оқытушылары үшін 100-ден астам іс-шара өткізілді. 120-дан астам адам маркетинг, IT және бизнес салаларындағы өзекті мамандықтар бойынша оқығанын растайтын сертификаттар алды. Жергілікті стартаптарды қолдау үшін 40 трекер оқытылды, олар акселерациялық және инкубациялық бағдарламаларға тартылады. Акселератордың арқасында стартаптар алғашқы сатылымдармен жалпы сомасы 250 млн. теңгеге айналым жасап, инкубациялық бағдарлама жобаларының өнімімен нарыққа шықты. «Терриконды алқап» IT-hub резиденттері – 40-тан астам компания.

Болашақта хаб базасында АҚШ-та 42 school үлгісі бойынша заманауи инновациялық бағдарламалау мектебін құру жоспарлануда. Қатысушылар үшін барлық бағдарламалар тегін және IT кластерді белсенді дамытуға бағытталғанын атап өткім келеді. Мемлекеттік қызметтер саласында өткен жылы 7 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 90%-ға жуығы электронды түрде алынды. Бұл пандемия кезінде электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші қажеттіліктегі қызметтерге айналғанын көрсетеді. Бүгінгі таңда барлық қызметтердің 92 пайыздан астамы онлайн қолжетімді, оларды азаматтар Telegram-бот немесе мобильді қосымша арқылы egov.kz порталынан ала алады.

Облыс халқының мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алуға мүдделілігін арттыру үшін облыста халықты БАҚ арқылы тұрақты хабардар ету жүргізіледі, көрнекі жарнама орналастыру жүзеге асырылады, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылады, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері өткізіледі, буклеттер таратылады.

Облыс өңірлерінде көрсетілетін қызметті алушылар үшін «Open akimat» жобалары іске асырылды, онда мемлекеттік қызметтер халыққа цифрлық технологияларды қолдана отырып, бірыңғай терезе қағидаты бойынша ашық кедергісіз кеңістіктерде ұсынылады.

Әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша облыс тұрғындарының 93 пайыздан астамы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанған. Сауалнамаға 10 мың адам қатысты.

Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуын 2 есеге азайтуға қол жеткізілді, мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне қатысты түсетін шағымдар 5 есеге азайды.

2021 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ұлттық «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» жобасы бекітілді. Оның мақсаты – Қазақстанды цифрлық трансформация есебінен мемлекеттік басқаруы тиімді, анық деректер негізінде шешімдер қабылдайтын, сондай-ақ цифрлық дәуірде инфрақұрылымды оңтайлы және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін, ғылымның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін ұлғайтатын қазіргі заманғы елге айналдыру.

Құжат аясында интернетке енудің 95% деңгейіне қол жеткізу жоспарлануда. «Бес минут ішінде көрсетілетін қызметтер» бағыты бойынша өмірлік жағдайларды 80 пайызға дейін автоматтандыруға екпін жасалады, оның 50 пайызы 2025 жылға қарай белсенді болмақ. Сондай-ақ, смартфондардағы мемлекеттік қызметтердің 100% қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

«Сапалы интернет және ақпараттық қауіпсіздік» бағыты бойынша 2025 жылға қарай Қарағанды қаласында 5G бесінші буынды ұялы желісі енгізіледі.

Қойылған міндеттерді орындау жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.

Рустам БАЙЖАНОВ, Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button