Облыс әкімінің есебі қарсаңында

Көлік инфрақұрылымын дамыту – заман талабы

2021 жылы жол саласында жүргізілген жұмыс облыс экономикасының дамуына, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыруға оң әсерін тигізді. Өткен жылдың жол-құрылыс маусымы барысында бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Қарағанды облысының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісі 12 422 км. құрайды, оның ішінде 2 785 км. республикалық маңызы бар жол, 3 443 облыстық және 6 194 км. аудандық маңызы бар жол және елді мекендердің көшелері. Осылайша, өткен жылдың қорытындысы бойынша «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыру шеңберінде облыс аумағында жалпы пайдаланымдағы 1 600 км. автомобиль жолдары жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Автожол жобаларына барлығы 3 мыңға жуық мамандандырылған техника жұмылдырылып, 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Өңір үшін негізгі инфрақұрылымдық жоба «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізін іске асыру болып табылады.

Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 513 км. республикалық маңызы бар «Қарағанды-Балқаш» және «Балқаш-Бурылбайтал» автожолдарының учаскелерін қайта жаңарту ерекше маңызға ие. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ-мен бірлесіп Қарағанды қаласынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі автожолда 302 км. жаңа жол бойынша қозғалыс ашты, қолданыстағы жол бойынша қозғалыс 184 км, қалған 19 км. бойынша қозғалыс үйінді және айналма жолдар бойынша жүзеге асырылады. Бұдан басқа, ұзындығы 208 км. «Жезқазған-Қызылорда» автожолын қайта жаңартуға мердігерлік ұйымды анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Жұмысты қорытынды шығарылғаннан және Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейін бастау жоспарлануда, сондай-ақ «Жезқазған-Қарағанды» учаскесі бойынша ЖСҚ әзірлеу бойынша кезең-кезеңмен жұмыс басталды. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына келетін болсақ, өткен жылы Қарағанды облысы әкімінің және мәслихат депутаттарының қолдауының арқасында жөндеу жұмыстарының барлық түрлерімен 502 км. қамтылды. 200 км. пайдалануға берілді, 115 км. жаңа төсем бойынша қозғалыс ашылды, қалған жобалар ауыспалы болып табылады. Ұзындығы 12 км. «Осакаровка-Молодежное» 69-81 км. автожолының проблемалық учаскесін іске асыру аяқталды. Облыстың қалалары мен аудандарында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 370 км. автожол нормативтік-техникалық жағдайға келтірілгенін атап өту қажет. Облыс орталығында жөндеу жұмыстарымен 54 шақырым автожол қамтылды. Сұрыптау секторының айналма жолының, Волочаевская көшесінің және автожолдың құрылысы аяқталды (14 ш.а. автостанциядан Шығыс айналма жолына дейін). Сондай-ақ, К.Маркс көшесі мен Магнитогорская көшесін күрделі жөндеу бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілді, өткен жылдың қорытындысы бойынша жайластыра отырып, жаңа жабын бойынша жүруді қамтамасыз етті (Қаз Карбон зауытынан М-14 қиылысына дейін, Глобал Ситиге бұрылыс). «7-ші магистраль» автожолын күрделі жөндеу бойынша Волгодонская көшесіндегі айналма жолдан «ескі әуежай» автобазарына дейін жарықтандыру құрылғысымен жаңа жабын бойынша өту қамтамасыз етілді.

Биылғы жылы облыстың көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың және «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының бекітілген бюджеттеріне сәйкес жалпы пайдаланудағы 1 400 шақырым автожолды жөндеуге бюджет қаражаты қарастырылған. Оның ішінде республикалық маңызы бар 640 км. автожолды жөндеуге жіберілді, оның ішінде «Қарағанды-Балқаш» а/ж 363 км және «Балқаш-Бурылбайтал» а/ж 150 км. реконструкциялауды жалғастыру, сондай-ақ Молодежный кенті ауданында 36 км. «Қызылорда-Павлодар» а/ж учаскесін күрделі жөндеуді аяқтау және 88 км 3 учаскені орташа жөндеу: 101-128 (27 км) км., 128-160 (32 км) км. «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Энтузиаст-Киевка-Теміртау» автожолының учаскелері) ұзындығы 59 км. және ауыспалы учаскесі «Қызылорда-Павлодар»-Жәйрем-Қаражал-Атасу» а/ж 11-40 км (29 км). Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жалпы ұзындығы 464 км. 29 объектіні қамту жоспарлануда, оның ішінде:

– ұзындығы 19,5 км. «Сәтбаев-Малшыбай-Жошы хан кесенесі, Домбауыл» автожолын салу;

– ұзындығы 131 км. 7 жол учаскесін реконструкциялау;

– ұзындығы 313 км. автожолдардың 20 учаскесінде орташа жөндеу. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қайта жаңарту объектілері бойынша Толығырақ:

– Абай ауданында Жартас-Долинка 17-38 км. проблемалық учаскесінің 21 шақырымын қайта жаңарту жалғастырылады;

– Бұқар жырау ауданында жалпы ұзындығы 17 км. (17-34 км) Новодолинка-Шахан-Молодецкое автожолының учаскесін қайта жаңартуды аяқтау жоспарланған;

– ұзындығы 9 км (9-18 км) «Қарағанды-Үштөбе-Құрылыс» автомобиль жолын қайта жаңартуды жалғастыру;

– Жаңаарқа ауданында ұзындығы 28 км. (0-28 км) Қаражал-Атасу автожолын қайта жаңартуды жалғастыруға;

– Осакаров ауданында жалпы ұзындығы 16 км. (53-69 км) Осакаровка-Молодежное автожолының 2-учаскесін қайта жаңарту жалғастырылады;

– Нұра ауданында Нұра-Шахтер бағыты бойынша 20 км. автожолдың 20 шақырымын қайта жаңарту жалғасады. Сонымен қатар, 63-83 км. «Нұра-Осакаровка» автожолының проблемалық учаскесін қайта жаңарту басталады. Аталған жобаны іске асыру Нұра кенті мен Осакаровка кентінің екі аудан орталығы арасындағы жөндеу жұмыстарын толық аяқтауға мүмкіндік береді. Орташа жөндеу объектілері бойынша ұзындығы 313 км. автожолдардың 20 учаскесі көзделген, оның 12-сі ауыспалы және 8-і жаңа объектілер. Бұдан басқа, биылғы жылы облыстық бюджеттен 3,5 мың шақырым облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жазғы және қысқы ұстауға қаражат қарастырылған. Қалалар мен аудандардағы автомобиль жолдарының техникалық жағдайын жақсарту мақсатында 235 км. аудандық маңызы бар автожолдарды, елді мекендердің көшелерін және кентішілік жолдарды жөндеу жоспарланған. «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында облыстың 6 ауданында (Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Ұлытау және Шет аудандары) жөндеу жұмыстары 41 км. автожолды қамти отырып, 8 ауылдық елді мекенде жүргізілетін болады. Осы жобаларды іске асыру ауылда өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыруға және кентішілік жолдардың көлік-пайдалану жай-күйін жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, аудандық маңызы бар 110 км. автожолды және елді мекендердің көшелерін жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарлануда, оның ішінде: Қарағанды қ. (к. Маркс көшесін, Магнитогорская көшесін және 7-ші магистралды күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды аяқтау үшін), Жезқазған қ., Қаражал қ., Шахтинск қ., Саран қ., Ақтоғай, Осакаров, Абай және Нұра аудандары.

Облыс бойынша барлық айтылған жобаларды іске асыру Жол активтерінің сапасы Ұлттық орталығының Қарағанды филиалымен жөндеу жұмыстарын орындау сапасы және қолданылатын жол-құрылыс материалдары тұрғысынан сүйемелденетін болады. Сонымен қатар, авторлық және техникалық қадағалау қызметтері, сондай-ақ аккредиттелген зертханалар іске қосылады. Жалпы, қойылған міндеттерді орындау үшін ағымдағы жылы жалпы пайдаланымдағы автожолдарда шамамен 4 мың бірлік жол-құрылыс техникасы, 7 мыңнан астам жұмысшы тартылатын болады. Бүгінгі таңда жол-құрылыс материалдары дайындалуда. Құрылыс маусымы басталғанға дейін бір жылға қажеттіліктің 50%-ын дайындау жоспарлануда. Іске асырылатын және жоспарланған жұмыстардың сапасы ерекше бақылауға алынған. Облыстың экономикалық өмірінің маңызды саласы көлік болып табылады. Жалпы бүгінгі күні облыста 216 тұрақты автобус қатынасы ұйымдастырылды, оның ішінде 7 халықаралық, 7 облысаралық, 58 ауданаралық, 103 қалаішілік, 30 қала маңындағы және 11 ауданішілік қатынастар бар. Маршруттар халық саны 100 адамнан асатын 338 елді мекеннің 154-ін қамтиды немесе 46%. Өткен жылы пандемия салдарынан 2020 жылы тоқтатылған 11 әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттар бойынша қозғалыс қалпына келтірілді. Ағымдағы жылы уақытша тоқтатылған маршруттар бойынша тасымалдарды жаңғырту бойынша жұмыс жалғасады. Қалалық автобус тасымалдары саласын перспективалық дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

Қарағанды қаласының әкімдігі Алматы қаласының көлік холдингімен бірлесіп, өткен жылдың 1 желтоқсанынан бастап облыс орталығының қалаішілік маршруттарында «Оңай» электрондық билеттеу жүйесін іске қосты. Бұл жолаушыларды тасымалдау қызметтерінің сапасын арттырудағы маңызды қадам болып табылады. Қазіргі уақытта күн сайын 50 мыңнан астам сапар электрондық билеттеу арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен жасалады. Қолма-қол ақшасыз сапарларды одан әрі ұлғайту, қаражат айналымының ашықтығын қамтамасыз ету және халықты электрондық төлем карталарына көшуге ынталандыру мақсатында 1-тоқсанда сараланған тариф енгізу жоспарлануда. Қарағанды қаласының тәжірибесі бойынша ағымдағы жылы облыстың басқа да ірі қалаларында электрондық билеттендіру жүйесін енгізу мәселесі пысықталатын болады. Осы мақсатта Алматы қаласының көлік холдингі қазірдің өзінде Жезқазған, Теміртау, Саран, Сәтбаев, Шахтинск қалаларының маршруттық желісінің жай-күйіне талдау жүргізуде. Жылжымалы құрамды жаңарту мәселелері де назардан тыс қалмайды. Облыс орталығында «Таксокомбинат» және «Рейс» кәсіпорындары QazTehna зауытынан өнеркәсіпті дамыту қорын несиелендірудің жеңілдетілген бағдарламасы бойынша сыйымдылығы орташа Ютонг маркалы 40 жаңа автобус сатып алды. Бұдан басқа, мемлекеттік қолдаудың осы тетігі бойынша Tranco Express компаниясы өткен жылдың соңында ұқсас маркалы 20 жаңа автобус сатып алды, олар конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша Жезқазған қаласының қалаішілік маршруттарында іске қосылды. Сондай-ақ, Теміртау қаласы бойынша «TTS» ЖШС кәсіпорны отандық «СемАЗ» автоөндірушісінен «Донфенг» маркалы 20 жаңа автобус сатып алды. Аталған автобустардың барлығы мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға бейімделген. Сонымен қатар, биылғы жылдың басында №3 автобус паркі қалааралық маршруттардағы ескірген техниканың бір бөлігін 10 германиялық автобустарына ауыстырды.

Автобустар Қарағанды қаласын спутник қалаларымен байланыстыратын бағыттарда жұмыс істейді. Коронавирус инфекциясына байланысты жағдайдың тұрақталуына қарай автобус паркін жаңарту бойынша жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Пандемия жағдайының тұрақтануына және тасымалдаушылардың қаржылық жағдайының жақсаруына қарай автобустар паркін жаңарту жұмыстары жалғасатын болады. Автомобиль көлігі инфрақұрылымы саласында Шахтинск қаласының әкімдігімен ұлттық стандартқа барынша сәйкес Шахтинск қаласының автовокзалына күрделі жөндеу жүргізілді, бұл жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Темір жол көлігі саласында Басқарма 9 әлеуметтік маңызы бар облысішілік темір жол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастырды. Өткен жылдың басынан бастап Жезқазған өңірі тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша №609/610 «Қарағанды-Жезқазған» теміржол қатынасын күнделікті негізге көшіру жүргізілді. Бұл осы өңірдің облыс орталығымен тұрақты көлік қатынасы мәселесін толық шешуге мүмкіндік берді. Облыс басшылығының тапсырмасына сәйкес, өткен жылы басқарма қалалық әкімдікпен бірлесіп «Қарағанды Сұрыптау – Қарағанөзек» қатынасындағы жаңа теміржол маршрутын әзірледі, ол Қарағанды облыстық мәслихатының шешімімен әлеуметтік маңызы бар бағыт болып танылды. Субсидиялауға қаражат бөлінген жағдайда, ағымдағы жылы маршрутты іске қосу мәселесі пысықталатын болады. Бұл ретте, маршрут Сұрыптау, Майқұдық және Жаңа қала секторлары арасында жолаушыларды таңертеңгі және кешкі «қарбалас сағаттарда» тасымалдайтын болады. Азаматтық авиация саласында басқарма Қарағанды-Жезқазған облысішілік әуе қатынасы бойынша ұшуларды ұйымдастырды. Биылғы жылдың 11 қаңтарынан бастап «Qazaq Air» авиакомпаниясының жаңа конкурстық міндеттемелеріне сәйкес әуе қатынасы бойынша ұшулар билет құны үшін 10 000 теңге мөлшерінде бұрынғы тариф сақталумен күн сайын орындалады. Тасымалдау сыйымдылығы 86 орындық канадалық Bombardier Q-400 заманауи әуе кемесінде жүзеге асырылады. Жалпы алғанда, «Qazaq Air» авиакомпаниясының Қарағанды-Жезқазған бағытына келуімен 2021 жылдан бастап жыл сайын тасымалданатын жолаушылар саны 4-тен 23 мың адамға дейін 5,5 еседен астам ұлғайды. Бұдан басқа, біздің облыс 10 авиамаршрутқа қызмет көрсетеді, оның ішінде 1 халықаралық – Қарағанды – Мәскеу және 8 облысаралық қатынастар. Олар: Қарағандыдан Алматыға (FlyArystan, А-320), Өскеменге (Южное Небо, Ан-24), Қызылордаға (Южное Небо, Ан-24), Түркістанға (Scat, CRJ-200), сондай-ақ Жезқазған (Qazaq Air, Q-400) және Балқаш қалаларына (Южное Небо, Ан-24) Алматы және Нұр-Сұлтан бағытына қарай бағыттар. Облыста 5 авиакомпания жұмыс істейді, оның ішінде 4 қазақстандық (FlyArystan, Scat, QazaqAir, Южное Небо) және 1 ресейлік (Аэрофлот). Азаматтық авиация саласындағы перспективалы бағыт жергілікті әуе желілерінің инфрақұрылымын дамыту болып табылады.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасында Ұлытау және Қарқаралы аудандарында 2025 жылға дейін екі аэродром салу көзделген. Ұлттық жобаны іске асыру мақсатында басқарма мемлекеттік сараптамадан өту сатысында тұрған Қарқаралы және Ұлытау аудандарында аэродромдар құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледі. 2023-2024 жылдары одан әрі аэродромдар салу үшін ағымдағы жылы ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда. Балқаш өңірінің туристік саласының қарқынды дамуы жағдайында Балқаш қаласының әуежайы ерекше рөл атқарады. Бүгінгі күні аэровокзал ғимаратын, перронды және екінші рульдеу жолын реконструкциялауға ЖСҚ әзірлеу аяқталды. Жалпы, бүгінгі күні жолаушылар тасымалы саласында оң нәтижелер бар. Белгіленген бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Алайда, Басқарманың алдына қоятын бірқатар сұрақтар мен міндеттер бар. Бұл:

– бірыңғай төлем жүйесін бүкіл облыс бойынша интеграциялау арқылы енгізу;

– облысішілік бағыттарда жылжымалы құрамды кезең-кезеңмен жаңарту;

– автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері ұсынатын қызметтер кешенін ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келтіру;

– облыстың 100-ден астам тұрғыны бар ауылдық елді мекендерін жолаушылар тасымалымен одан әрі қамту.

Қорытындылай келе айтарымыз, ағымдағы жылы басқарманың қызметі халықтың өмір сүру деңгейін арттыру және облыстың көлік инфрақұрылымының жай-күйін жақсарту мақсатында белгіленген міндеттерді іске асыруға бағытталатын болады.

Саят ШАЙМИН, Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button