Орынбай ауылында дауыс берушілер 70-ке жуықтады
Жаңаарқа ауданы, Орынбай ауылында да сайлау санитарлық талапқа сай өтуде.
– Үміткерлер осы уақытқа дейін үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі жүргізді. Енді таңдау халық еншісінде. Дауыс берушілердің белсенділігі сонша, тіпті кезекте тұр. Себебі, карантин талаптарын қатаң сақтау — негізгі мақсат, — дейді 565 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Ертай Молдабеков.
Алғашқы болып дауыс берген ауыл ақсақалы Ерден Ташмағанбетовке сыйлық табысталды. Ақсақал да үміткерлерге ақ батасын беріп, сайлаудың сәтті өтуін тіледі.
— Үміткерлердің жолы ақ болсын. Ауыл ажары арта берсін, базары тарқамасын. Бұл маңызды сайлау мен үшін. Халықпен санасқан өте дұрыс, — деп ағынан жарылды ауыл ақсақалы.
Дауыс беру аяқталғаннан және дауыстарды санағаннан кейін сайлау қорытындылары үш күн ішінде шығарылуы тиіс.
Ауыл әкімдері төрт жылға сайланады.
Қасымхан ҒАЛЫМ.