Бас тақырыпРесми

Қарағандыда бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы талқыланды

Қарағандыда бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен талқыланды. Заң жобасының нормаларын талқылауға саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, саясаттанушылар, мемлекеттік органдар және БАҚ өкілдері қатысты. Атап өткен жөн, заң жобасы 7 ақпаннан бері ашық интернет ресурстарға шығарылып, халықтың талқылауына түсті. Бұдан бөлек министрлік өкілдері жер-жерде жаңа заңды түсіндіру мен талқылау жұмыстарын өткізуде.

Министр бұған дейін заң жобасының Нұр-сұлтан, Алматы қалаларынан бөлек Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Өскемен және Оралда талқыланғанын атады.

– Қоғамдық тыңдаулар тек Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында ғана емес, Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Өскемен, Орал, Шымкент қалаларында да өтті. Біз бүгін Қарағандыда өткізіп отырмыз.Талқылауларға көптеген қоғам өкілдері қатысты. БАҚ-та жарияланды. Түзетулермен келісетіндер де, келіспейтіндер де ойларын ашық айтуда. Бұл арада біз заңнаманың қазіргі қоғам болмысынан, саяси мәдени деңгейінен, дәстүрінен, саяси санасынан алшақ болмайтынын түсінуіміз керек. Осы элементтердің дамуымен қатар, заң да дамиды, толыға түседі, – деді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, жаңа заңда бейбіт жиындардың заңнамалық базалық қағидаттары қарастырылып, заң жобасына түсінік аппараты енгізілді. Бұрынғы заңда мұндай болмаған. Бейбіт жиналысты өткізудің хабарлама тәртібі. Бұған дейін рұқсаттық тәртіп әрекет еткен. Сонымен қатар, заңда бейбіт жиынды ұйымдастырушылардың, қатысушылардың, журналистердің мәртебесі, міндеті мен құқығы айқындалды. Мемлекеттік органдардың құзыреті нақтыланып, бейбіт жиын өткізуге болатын орындар белгіленді.

– Минтингке шыққан халық үнін жеткізуді көздейді. Соған мүмкіндік беруге тиіспіз. Ол үшін арнайы орындар белгіленеді. Барлық мүмкіндіктерімен. Қай жерде митингке шығу маңызды емес. Бастысы – үнінің тиісті орынға жетуінде, – дейді министр.

Заң жобасында, сонымен қатар, бейбіт шеруге қатысушының жасына қатысты шектеу алынып тасталған. Яғни, өзінің құқығы аясында 18 жасқа дейінгі бала да қатысу құқы бар. Бұл бала құқыны конвенциясына сай қолданылып отырған норма. Заңда бейбіт жиналыстар өткізуден бас тарту үшін негіздердің толық тізбесін белгілеу де қарастырылған. Қолданыстағы заң бейбіт жиналыстар өткізу үшін бас тарту негіздерінің бұлыңғыр тізбесін қамтиды. Осыған байланысты, заң жобасында бейбіт жиналыстар өткізуден бас тарту үшін негіздердің толық тізбесін бекіту ұсынылады.

Бұдан басқа да түрлі жаңалықтарды қамтыған заң жобасын Қарағандының қоғам өкілдері қызу талқыға салып, ұсыныс-тілектерін де жолдады.

Қызғалдақ АЙТЖАН

Басқа материалдар

Back to top button