ЖаңалықтарРесми

5516 әскери бөлімі командирінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған сөзі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Бұл мереке ең киелі, ең қасиетті. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Кейінгі буын өкілдері бұл егемендіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінеді. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін аңсатқан азаттық жолында ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Бұл күнге дейін жеткен ұмтылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық.

Сурет автордан

Тарихқа көз жүгіртсек, әр буын өкілі белгілі бір сынақты бастан кешірді. Біздің бабаларымыз «Ақтабан шұбырынды», алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, дүниежүзілік соғысты көрді.

Биыл әйгілі Желтоқсан оқиғасына 36 жыл толады. 1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін қаймықпай алаңға шықты.

Тәуелсіздігіміздің 31 жылдың ішінде көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтарып алдық.

Осы орайда айта кететін елдің біртұтастығы мен халықтың тыныштығын сақтауда ұлттық ұлан жауынгерлерінің атқаратын рөлі ерекше. Темірдей тәртіпке бағынған олар күндіз-түні кірпік қапай, жауынгерлік қызметте жүреді. Әскери формаларын киіп, Отан үшін адал қызмет ету – үлкен жауапкершілік жүктейді.

Біздің жауынгерлеріміз қашанда бірінші шепте Отаның қорғап, қойылған міндеттерді бұлжытпай орындайды. Оған көптеген жарқын мысалдар бар. Бірақ кеше 2022 жылдың қанды 5 қаңтарында болған жаппай тәртіпсіздіктің қоғамдық тәртібін қамтамасыз ету жолында қаза тапқан біздің ұлттық ұланның қайсар ұлдарымыз. Бейбіт уақытта жауынгерлеріміздің қаза болуы – біздің ортақ қайғымыз. Олар өмірлерінің соңына дейін Отанға адал қызмет етіп, екеуі де қауіпке қарамастан қызметтерін адал орындап, соңына дейін бұзақыларға қарсы тұрды. Біздің Отанымыздың қазіргі күндегі батырлары – Айбат Аманов пен Мадияр Кайсаров. Ұлттық ұланның батырлар тізімінде мәңгі қалады.

Қазір біз өркендеудің жаңа жолына, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне бет алдық. Президентіміз бекіткен жаңа экономикалық бағамда жаңа бағдармалар, оның бағыттары және нәтижеге жету жолдары көрсетілген. Сол бағытты ұстанып, болашаққа сеніммен қарайық! Жаңа Қазақстан патриоттық рухы асқақтай берсін!

Елімізде бейбітшілік болсын, еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

Рауан ОМАРОВ,

5516 әскери бөлімінің командирі, подполковник. 

Басқа материалдар

Back to top button