Коронавирус

Қарағанды облысында тағы бір адамның індет жұқтырғаны анықталды

Қарағанды облысының тағы бір тұрғынынан  COVID-19 инфекциясы анықталды. Ол науқас жұқтырған адамдармен мүлдем байланыста болмаған.  

Қазіргі таңда дертке шалдыққан азамат індетке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оқшауланды. Тиісті емдеу курсынан өтуде. 

Айта кетейік, 11 сәуірдегі ақпарат бойынша Қарағанды облысында 1638 адам үй карантиніне алынған. Сондай-ақ, 686 науқас тәулік бойы бақылауда.  

Басқа материалдар

Back to top button