Бас тақырыпРуханият

Ұлт ұстазының видеосы мен бұрын жарияланбаған фотосуреті табылды

Тілтанушы ғалымдар Әзірбайжан архивінен Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы қатысқан 1926 жылғы съездің видеосы мен бұрын жарияланбаған фотосуретін тапты.

8 минуттық бейнетаспада Ахмет Байтұрсынұлы 6 рет көрінеді. Съезде 3 оператор жұмыс істеген. Тілші ғалымдар тауып әкелген видеодан бөлек, тағы екі аппараттың түсірген бейнежазбалары болуы мүмкін. Алдағы уақытта жас ғалымдар оны табуға ниеттеніп отыр.

Ал, фотосурет Әзірбайжан мемлекеттік өнер және мәдениет мұрағатында істейтін ғалым Фархад Ағзадәнің жеке архивінен алынған.

1926 жылдың 26 ақпан мен 5 наурыз аралығында Әзірбайжанда өткен І бүкілодақтық түркі съезінде түсірілген суретте Ахмет Байтұрсынұлы мен Елдес Омарұлы, Біләл Сүлеевтер бар.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құнды мұраны табуға еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары PhD Ермұхамед Маралбек пен Ономастика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Әрлен Сейітбатқаға зор алғыс білдірді.

Видеоны “Орталық Қазақстан” газетінің Инстаграм ресми парақшасынан көріңіз:

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button