Жаңалықтар

5 млн теңге: Наурыздан бастап беріледі

Наурыздан бастап жастарға жеңілдікпен несие беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында тапсырған еді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаражат кәсіп бастауға ниетті немесе бизнесін дөңгелеткісі келетін 21 мен 35 жас аралығындағы азаматтарға конкурстық негізде беріледі. Жылдық сыйақы мөлшері 2,5%-тен аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 5 млн. теңге. Әрі ол үшін кепіл болуы керек. Бағдарлама 2021-2025-ші жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жүзеге асады.

– ЖАО-мен осы механизм бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Мерзімі бар. Осы айдың ішінде біз жаңағы Қаржы министрлігімен несиелік келісімге қол қойдырамыз. Келесі айдан бастап бастаймыз – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button