Жаңалықтар

Жастарға 5 миллион теңге көлемінде несие беріледі

Келер жылдан бастап 35 жасқа толмаған адамдарға 5 миллион теңге көлемінде 5 жылға несие беріле бастайды, деп хабарлайды Ortalyq.kz  Экспресс К. сайтына сілтеме жасап.

Жастарға арналған микрокредит 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап беріле бастайды. 2,5 пайыздық несие 5 жылға беріледі. Ұсынылатын сома – 5 миллион теңгеге дейін. Кепілдікке қойылатын зат болуы шарт.

– Бұл несиені өз кәсібін ашу үшін студенттер мен университет бітіргендер, жұмыссыз жүргендер мен жұмысы барлар да ала алады. Ең бастысы ашып жатқан бизнесі қайтарымды болуы керек. Бизнес-жоспар мықты болуы тиіс, себебі бәрін конкурс шешеді, – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Басқа материалдар

Back to top button