Жаңалықтар
Жазушы Мұхтар Мағауин оқушыға бата берді
Вашингтонда тұрып жатқан қазақтар басқосу ұйымдастырды. Табиғат аясындағы кездесуге Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауин де барған, деп хабарлады egemen.kz сайты.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та магистратурада оқып жүрген журналист Жалғас Сәдібекұлы осы жиынға отбасымен бірге арнайы барыпты. Ол Сара есімді қызының қаламгерге өзін таныстырып, батасын алған сәтті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.
«Сара қызымыз заңғар жазушыға өзін өлеңмен таныстырып, батасын алды. Атасы секілді «жазушы боламын» дейді», – деп жазды Жалғас Сәдібекұлы.
Видеоны @Ortalyq.kz инстаграм парақшасынан көре аласыз. Көру үшін сілтемені басыңыз.