Жаңалықтар

Әлемдегі хакім ескерткіштері

Абай – адамзатқа ортақ тұлға. Бұл сөзге айғақ Абай ілімін әлем ғалымдары мойындады. Шығармасының көп бөлігі түрлі тілдеріне аударылып, әдеби негізде кеңінен таралған. Тіпті, дамыған біршама елдерде тұлғаның ескерткіші орнатылған.  

Алысқа бармасақ та, алдымен көршілес Өзбекстанның Ташкент қаласындағы Қазақстан Республикасының елшілігі алдында тұрған тұлға ескерткішін айтсақ та, бір кітапқа жыр болардай. Аталмыш ескерткіштің авторлары – белгілі қазақ мүсіншісі Нұрлан Далбай және сәулетші Расул Сатыбалдиев. Авторлар – ақын бейнесі арқылы бүкіл қазақ халқының дархан көңілі мен ұлы ойшылдың дана тұлғасын сомдаған. Ескерткіштің биіктігі – 9,2 метр. Ал, мәдениеті мен әдебиеті әлдеқашан дамыған Францияның Ренн қаласындағы Абай бюстін білетіндер бар ма? Ол 2016 жылы орнатылған екен.

Сондай-ақ, 2006 жылы Ресей астанасы Мәскеудің «Чистые пруды» бульварында да Абай кіші ашылды. Бұл ескерткіш те Қазақстан Елшілігі маңайына қойылған. Авторлары – мүсінші Марат Айнеков, дизайнер Тимур Сулейменов, суретші Эдуард Дробицкий, сәулетші Вячеслав Романенко. Одан бір жылдан соң, яғни, 2007 жылы қазан айында Иран Республикасы Тегеран қаласында Абай мүсіні ашылды. Мүсін Ұлттық кітапханаға кіреберіс аллея алдында. Иран ұлттық кітапханасында да Абайдың мүсіні бар. Ал, 2011 жылы желтоқсан айында Әзірбайжан астанасы Бакуде Абай Құнанбаевтың атымен аталған көшенің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 2014 жылы наурызда Қытай астанасы Бейжіңнің орталығындағы «Чаоян» саябағында Абайға арналған ескерткіш ашылды. Мүсіннің авторы – Юань Сикунь.

Бұдан бөлек 2014 жылы Венгрия астанасы Будапешттегі Астана көшесіне Абайдың ескерткіші орнатылды. Мүсін қоладан құйылған. Оның биіктігі – 1070 мм, ені – 900 мм.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button