Облыс әкімі

Жыл басынан бері Қарағанды облысында 99 адам жол апатынан қаза тапқан

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Жыл басынан бері Қарағанды облысының жолдарында 99 адам қаза тауып, 258 адам жарақат алды. Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өткен жиында өңірдегі жолдардағы жағдай туралы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин баяндады. Бұл мәселе әлі де күрделі болып қалып отыр. Ең қайғылысы – апатта балалар жарақат алып, қайтыс болатыны.

– Қарағанды облысы – ауқымды көлік ағыны өтетін транзиттік өңір. Автомобиль жолдарының ұзындығы тоғыз мың шақырымнан асады. Жеті айдың қорытындысына сай облыс бойынша ЖКО саны 8,2%-ға, қаза болғандар – 57%-ға, жарақат алғандар – 16,7%-ға өсті. Көбінесе кінәлілер – жеңіл көлік жүргізушілері – 176 жағдай, 11 жағдайда – автобус жүргізушілері, үш жағдайда – жүк көлігінің жүргізушілері. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны 29-дан 43%-ға дейін артты, – деп хабарлады Ерлан Файзуллин.

Апаттың негізгі бөлігіне жол қозғалысы ережелерінің сақталмауы, жүргізушілерде көлік тәртібі мен өзара сыйластықтың болмауы себеп болып табылады.

Республикалық маңызы бар жолдарда 54 ЖКО тіркелді, онда 42 адам қаза тауып, 86 адам зардап шекті. Олардың басым бөлігі Қарағанды – Балқаш және Балқаш – Сарышаған жолдарына тиесілі.

Алматы – Екатеринбург тас жолында орын алған апаттардың көбеюі жазғы кезеңдегі кептеліске, жылдамдық режимінің шектелуіне және айналма жолдарға байланысты.

Жолдардың жанында қараусыз мал жаю мәселесі де әлі күнге дейін шешілген жоқ. Торлы қоршаулар, арнайы таңбалар және жануарларды шағылысатын элементтермен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Елді мекендерде ең көп апат жаяу жүргіншілердің қатысуымен болады.

– Біз бейбіт уақытта адамдардан айырылып жатырмыз. Денсаулық сақтау саласына жүктеме түсіп жатыр. Қарағанды мен Теміртауда жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған ЖКО азайту үшін автобус аялдамаларының кіру қалталарын реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен бағдаршамдармен реттелетін қиылыстарға көшіру бойынша жұмысты жалғастыру қажет, – деді Ерлан Файзуллин.

Сондай-ақ жол қауіпсіздігі үшін бірнеше пәрменді шаралар қабылдануда. Апаттық қауіпті учаскелерде қосымша 10 автопатруль қойылды. Күн сайын жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

“Қауіпсіз қала” бағдарламасы аясында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін 110 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылды. Олардың көмегімен 89 850 ұйғарым тіркеліп, жолданды.

11 мобильді аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді, олар 17 879 бұзушылықты анықтады.

Жолдарды жөндеу және жасанды жарықтандыру мәселелері әлі де толығымен шешімін таппаған. Көлік құралдарының техникалық жағдайына да шағымдар бар.

Жеңіс Қасымбек көліктік бақылау инспекциясының әлсіз жұмысын атап өтті. Ол барлық жауапты ведомстволарға ЖКО санын азайту бойынша шаралар қабылдауды, жол қозғалысын реттеу үшін қажетті техникалық құралдарды орнатуды, жолдарды жөндеуді жеделдетуді тапсырды.

– Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда, бірақ бұл жеткіліксіз. Барлық ірі апаттар жол қозғалысы ережелерін бұзумен байланысты. Жолдардың сапасы бойынша да мәселелер бар. Полиция департаментіне, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 2022-2023 жылдарға арналған жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына талдау жасауды және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның таяудағы отырысында оның орындалуы туралы баяндауды тапсырамын. Прокуратура органдарын жұмысқа қосуды сұраймын, – деді өңір басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Басқа материалдар

Back to top button