Жаңалықтар

«Канело» үшінші кездесудің алдында Головкиннің шеберлігін жоғары бағалады

Осыған дейін мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді мойындамайтынын бірнеше мәрте мәлімдеген еді. Екінші орта дивизиондағы Әлем чемпионының барлық негізгі атақтарының иегері Сауль «Канело» Альварес қазақстандық боксшымен үшінші кездесуінің қарсаңында оның шеберлігіне жоғары баға берді. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады. 

Геннадий Головкин

Дегенмен «Канело» 40 жастағы GGG-ден шеберлігінің басым екендігіне күмәнданбайтынын жеткізді.

«Сөз жоқ, ол мықты боксшы. Сонымен қатар ол қиын қарсылас, тегеурінді, айлакер жекпе-жек шебері. Ол өз заманындағы даңқты спортшылардың бірі. Меніңше, екеуміздің стиліміз алда болатын кездесуді ерекше ету үшін жаратылғандай. Мен осы спорт түрінен біраз биіктерді еңсерген мықты боксшымын. Менің спаррингтерім де көп болды. Қазір менің күш-қуатым толысып тұрған кез. Менің Головкиннен ерекшелігім де осы», – деп мәлімдеді Matchroom Boxing-те Альварес.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші кездесуі 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Қазақстанда 18 қыркүйек күні таңда) өтеді.

Басқа материалдар

Back to top button