Коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары
COVID-19 таралуын болдырмау үшін эпидемияға қарсы шараларды сақтауды ұсынамыз:
— қолды жиі жуу,
— адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде кию,
— COVID-19 вакцинациясының толық курсынан өту керек, оның ішінде егудің толық курсы болса, қайта ревакцинация алу,
— мұрынның ағуы, түшкіру, температура сияқты респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде, 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмек шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.
Ынтымақты жауапкершілік қағидаттарына сәйкес — әрбір адам өзі үшін де, өзінің жақындары үшін де азаматтық жауаптылықта болады. Тек ортақ күш-жігердің арқасында біз «ұжымдық иммунитетті» қалыптастыра аламыз, осылайша коронавирустық инфекцияның жаңа толқынының өршуіне жол бермейміз.