Президент сайлауы - 2022

Саяси науқанның жаңа кезеңі

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек. Осы сайлау Ата Заңға енгізілген өзгерістерге байланысты президентті тек бір мерзімге сайлаймыз. Мұны саяси науқанның жаңа кезеңі деп айтуға негіз бар.

 

Жеті жыл – көп уақыт. Сәйкесінше, жоспарлауға, жүзеге асыруға, орындалысын, бақылауға, нәтижеге жетуге уақыт жеткілікті. Нақты реформаларды жүзеге асыруға қолайлы мерзім. Бұл сайлау дамудың даңғыл жолындағы бірден-бір міндет.

«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді. Алдағы сайлауға бір кісідей атсалысу көзі ашық, көкірегі ояу әр азаматтың міндеті. Ортақ істе мүмкіндігімізді дұрыс пайдалансақ қана мақсатымызға жетеміз. Сонда ғана азаматтардың әл-ауқаты артып, тұрмысы жақсарады, экономикамыз жаңарып, саяси жүйеміз жаңғырады. Бір сөзбен айтқанда, халқымыздың бірлігі мен тұтастығы – реформалардың ойдағыдай жүзеге асуының басты кепілі.

Сайлау – таңдау жасаудан бұрын, азаматтық құқықтық қатынасты жүзеге асыратын мүмкіншілік. Еліміздің басты құндылығы – адам және оның өмірі, азаматтардың өзін қауіпсіз сезінуі десек, сайлаудың маңыздылығы, тіпті, арта түседі. «Таңдау» жоқ деп отырмай, сайлауға қатысып, дауыс беру керек. Қазақстанның болашағы Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың елім деп соғатын жүрегінің үні деп санаймын.

Егеменді Еліміз бар, Тәуелсіз Мемлекетіміз бар. Отанымыздың еңселі ертеңі, одан әрі көркеюі мен гүлденуі өз қолымызда, ертеңгі болашағымызды таңдауға жақсы мүмкіндік туып тұр.

Олай болса әркімнің дауысы маңызды!

Президенттік сайлауға белсенді қатысайық! Әділетті Қазақстан үшін өз таңдауымызды жасайық!

Ниқанбай ОМАРХАНОВ,

облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, мемлекеттік қызмет ардагері

Басқа материалдар

Back to top button