Жаңалықтар

Жаңаарқа маңында 19 жолаушысы бар автобус аударылды

Бүгін Қызылорда-Павлодар автожолының 722 шақырымында шағын автобустың жүргізушісі рульді басқара алмай, жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

фото: Egemen.kz

Аударылған автобустың ішінде 19 жолаушы болған. ТЖД хабарлауынша, үш адам зардап шекті. 

Оқиға туралы дабыл Жаңаарқа ауданы ТЖБ Ұлытау облысының «Ақтүбек» трассалық медициналық-құтқару пунктінің диспетчеріне келіп түскен. Жол апаты орын алған орынға дереу арнайы реанимобильмен жол бойындағы пункт мамандарының бригадасы барып, бригада зардап шеккен 3 адамға көмек көрсетті. Қазір зардап шеккен бір адам орташа дәрежедегі жарақаттармен Жаңаарқа ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда апаттық-қауіпті жол учаскелерде ТЖМ бөлімшесі – 40 трассалық медициналық-құтқару пункті қызмет көрсетеді.

Басқа материалдар

Back to top button