Қарағандыдағы Энергетикалық компания қысқа дайындық паспортын алды

Қарағандыдағы Энергетикалық компания қысқа дайындық паспортын алды

«Қарағанды Жарық» ЖШС 2022–2023 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындық паспортын алды. Құжатты ҚР Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті берді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сапасын жақсарту үшін жабдықтарды жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілгені атап өтілді.

Компанияның мәліметінше, «Майқұдық», «Пригородная», «Озерная», «Озерная-2», «Тұзды», «Лазурная», «Комаровская», «Борлы-1», «Матақ» 35 кВ қосалқы станцияларына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, «Михайловка», «Токаревка» КС-110 кВ және «Саран» КС-220 кВ күрделі жөндеуден өтті.

«Жөндеу жұмыстары Қарағанды, Саран, Шахтинск, сондай-ақ Бұқар жырау, Абай, Осакаров, Қарқаралы аудандарында жүргізілді, – делінген хабарламада. – Қысқы кезеңге дайындық барысында 753 шақырым кабельдік және әуе электр беру желілеріне күрделі жөндеу аяқталды, сондай-ақ 201 электр қондырғысында жұмыстар жүргізілді».

Сонымен қатар, «Жаңа қала» КС-ден №2 ОТС-6 кВ дейінгі ұзындығы 8 км кабельдік желілер өткізілді. Сондай-ақ, «Қарағанды» КС-ден ТП-2195-ке дейінгі кабельдік-әуе желілерін қайта жаңарту жүргізілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.