Қарағанды облысында өткен тәулікте 173 адамнан КВИ анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 930 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 173, облыс “жасыл” аймақта. Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 15 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 158 983 жағдай тіркелді.
2022 жылдың 15 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,2%-ды құрайды, яғни 727 692 адам егілді, бұл жалпы халық санының 60%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен 66,6% немесе 680 107 адам егілді, бұл жалпы халық санының 56,1%-ы.2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 275 051 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын халықтың 57,9%-ы.2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды.
2022 жылдың 15 тамыздағы мәліметтер бойынша 31 333 адам егілді, бұл қамтылуы тиіс тұрғындардың 63,5%.Вакцинация коронавирустық инфекцияның алдын-алудың ең тиімді әдісі болып табылады, ревакцинация иммунитетті арттырады. Вакцинацияны алу үшін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға жүгіне аласыз.
Естеріңізде болсын, біз өз денсаулығымыз бен айналамыздағы адамдардың денсаулығы үшін жауапкершілікті көрсете отырып, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермейміз.