Covid-19Коронавирус

“COVID-19” ауруы 1,6 есе төмендеген

Пандемия басталғаннан бері облыста 2022 жылдың 26 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 160 164 жағдай анықталды, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 13 227,6 құрады. Репродуктивті сан Rt – 0,747. Ауру негізінен Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран қалаларында, Абай және Бұқар Жырау аудандарында тіркеледі. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий ЗАЛЫГИН өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. 

Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес біздің облыс “жасыл” аймақта орналасқан.

Эпидемиологиялық мониторингке сәйкес өткен аптамен салыстырғанда “COVID-19” ауруының 1,6 есе төмендегені байқалады.

COVID-19 жағдайларының арасында бір жыл бұрын вакцинацияланбаған және коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өтпеген адамдар басым.

Барлық жас топтарында 60 жастан асқан адамдар инфекцияға аса бейім – 38%, 14 жасқа дейінгі ауырған балалардың үлес салмағы – 15,8% құрады.

Әлеуметтік-кәсіби құрылымда: бұрынғысынша зейнеткерлер – 35%, жұмыс істемейтін тұрғындар 21,7%, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің қызметкерлері 9,5% басым.

Жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша аурудың таралуына ықпал ететін факторлар

– жалпы пайдалану орындарына бару (банктер, пошта, ХҚКО және т. б.) – 24,5%;

– ірі сауда объектілеріне бару, СОО – 22,2%;

– қоғамдық көлікті пайдалану 18%;

– адамның мінез-құлық тәуекелдері және әдеттерімен байланысты басқа факторлар (ыстық ауа-райында суық сусындарды қолдану, кондиционердің астында ұзақ болу және т.б.) – 6,7%.

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда үй ошағында қарым-қатынаспен байланысты факторлардың үлес салмағы 15%-дан 5%-ға дейін, жұмыста 2,3%-дан 2%-ға дейін және сырттан әкелумен байланысты факторлардың үлес салмағы 0,4%-дан 0,1%-ға дейін төмендеді.

Анықталмаған фактормен 21,7% жағдайлардың айтарлықтай үлес салмағы бұрынғысынша алаңдатады, бұл әртүрлі отбасылық салтанатты және естелік іс-шараларға қатысу фактілерін жасырумен байланысты болуы мүмкін.

Сонымен бірге, жоғарыда аталған факторлардың басым болуы халықтың ұсынылған қауіпсіздік шараларын ұстануының: қоғамдық орындарға барғанда және қоғамдық көлікте жүргенде маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және қолды жуу маңыздылығын көрсетеді.

“Коронавирустық инфекцияның алдын алудың жалғыз нақты шарасы вакцинация болып табылады. Сондықтан біздің облысымыздың тұрғындарына КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және вакцинациядан кейін 6 айдан астам уақыт өткен тұлғаларға екпені уақтылы алу қажет.

Сонымен қатар, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін, оның ішінде жіті респираторлық вирустық инфекциялардың көтерілу кезеңінде қарапайым ережелерді: суық тию белгілері бар адамдармен байланысқа түспеу; адамдар көп жиналатын жерлерде болудан аулақ болу; салауатты өмір салтын ұстану, ағзаны шынықтыру, маусым бойынша киіну, бірінші кезекте медициналық маска кию жеке гигиенаны сақтауды ұсынамыз. Тұмау мен жедел респираторлық вирусты инфекциялардың алғашқы белгілері пайда болған кезде, мысалы, бас ауруы, катаральды құбылыстар, дене қызуы, бұлшықет ауыруы, шаршау және әлсіздік, медициналық көмекке жүгіну және өзін-өзі емдемеу ұсынылады”, – дейді департамент басшысы. 

Басқа материалдар

Back to top button