Жаңалықтар

37 орам марихуана тәркіледі

Қарағандылық полицейлер есірткі қойып кетушіден 37 орам марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: osken-onir.kz

Қарағанды қалалық полиция басқармасы, есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Лобады көшесінің бойынан 31 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол әлеуметтік желідегі «жұмыс берушісінен» 30 орам марихуана есірткі заттарын алғанын мойындады. Есірткінің жартысын күдікті белгіленген жерлерге қойып кетіп үлгерген. Тексеріс жүргізу барысында одан 8 орам өсімдік тектес заттар тәркіленді. Сондай-ақ, күдіктінің көрсетуімен жасырылған жерлерден 13 орам есірткі тәркіленсе, тұрғылықты жерінен 16 орам есірткі алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар жалпы салмағы 85 грамм кептірілген марихуана екендігі белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297 бабына (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік бұған дейін Қарағандылық полицейлер қала тұрғынынан 39 орам синтетикалық есірткі тәркіленгенін жазған едік. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button