Жезқазған

Әлемді жалт қаратқан «Жезкиік»

«Ұлытау – халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығы болуы тиіс. Бұл жұмыстар Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында басталуы қажет».

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы мен «Туған жер» арнайы бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстың бұрынғы басшысы Ерлан Қошановтың тікелей тапсырмасымен өткен жылы ұлт ұясы – Ұлытауда тұсауы кесілген «Жезкиік» халықаралық музыка фестивалі өзінің өміршеңдігін көрсетті. Ол шын мәнінде жаһанды жалт қаратқан аса ауқымды әлемдік жобаға айналды.

Алдымен, аздап аңыздан аңдатпа. Жезкиік – сайын даланың сәнін келтірген киіктің желеп-жебеушісі. Ол ки ікті арам ойлы аңшыдан, аштық пен қырылудан қорғайды. Тіпті, адамның өзін желеп-жебеп жүреді деген әңгіме бар. Наным-сенімге сүй енсек, Жезкиікке жолыққан адамның жан-дүниесі жаңғырады: ниеті түзеліп, сүйіспеншілігі артады, рухы оянып, жолы ашылады. Жезкиіктің жонарқасына күн сәулесі құйылғанда, қос қапталына қанат біткендей кө рінеді екен.

Жезкиіктің керемет келісті кейпі, аңызға айналған ажары домбыра шанағынан кең даланы кернеген күй болып шалқыды, талай ақын жырына арқау етті, сансыз сазгер ән арнады. Сондай бақыт Алты Алаштың ақиық ақыны Кәкімбек Салықовқа бұйырды. Оның Жезкиікті жырлаған жан тебірентер шырайлы шумақтарына ән шығарғандар аз болмады. Алайда, жалғанның жарығын көру пешенесіне жазылмаса да, көкірегі ояу, жаны сезімтал жезқазғандық сазгер Жақсыкелді Сейіловтің туындысы ақын өлеңінің бағын ашты.

Енді, міне, «Жезкиік» әлемдік деңгейдегі жобаның нышанына айналып отыр. Бұдан бірнеше ғасыр бұрын бұл қасиетті топырақты Жошы хан жасағы мінген тұлпарлар тұяғы дүбірлетсе, күні кеше көгілдір көкті әлемнің әр тарабынан атбасын тіреген этнотоптардың әуезді әуені кернеді. Қазақтың өрелі өнері өзге елдің мәуелі мәдениетіне қосылып, түрлі елдің тарихын тамырлатты. Ке зінде үш жүздің бетке ұстар беделді тұлғалары Ұлытаудың баурайында елдік мәселесін қозғаса, енді үш құрылықтың өнерлі өкілдері осы өңірде бас қосатын болды.

Алғашқы халықаралық этнофестивальде Жапония, Мексика, Перу, Польша, Ресей, Түркия, Тәжікстан, Шот ландия, Франция өнерпаздары қонақ болса, екінші мәрте ұйымдастырылып, ел мерейін өсірген музыка мерекесінен Венгрия, Италия,

Испания, Сербияның өнерлі өрендері риза көңілмен аттанды. Осындай орасан іс-шараның ойдағыдай өткеніне куә көрермендер қуанышқа кенелсе, тәнті болған шетелдік қонақтар таң данысын жасыра алмады. Қазақ халқының жарқын пейілі, Ұлытаудың табиғаты, жоғары талғамға сай жасақталған сахна мен ұйымдастыру деңгейі айрықша  ұнағанын ашық айтты.

Мәселен, Италия музыканты Пьетро Маскиандаро: «Концерттің ұйымдастырылуы керемет. Бәрінен бұ рын музыка мерекесінің табиғат аясындағы этноауылда өтуі өзіндік ұлттық ерекшелігін айқындап тұр» – десе, испандық Сиван Гереро: «Бізде де фестиваль өте көп өтеді. Кәсіби өнер ұжымы болғандықтан, біраз жылдан бері қатысып жүрміз. Мұндай ұлттық музыка фестивалі мәдени мұраны сақтауға және насихаттауға жол ашады. Әсем табиғат аясында Ұлытауда ұйымдастырылған мына шара ерекше шабыттандырды» –  деп ағынан ақтарылды.

Жалпы халықаралық музыка мерекесінің мақсаты – мәдени мұраны сақтау, қазақ фольклорын дамыту мен классикалық туындыны тарату, ұлттық тұрмыс-салтымыздың ерекшеліктерін кеңінен насихаттау және өңірдегі туристік әлеуетін арттыру. Сондықтан, Ұлытау баурайындағы табиғаты тамыл жыған «Болатсай» бөктерінде қонақтар мен өнер мерекесіне қатысушылар үшін арнайы этноауыл бой түзеді. Оның аумағында салтанаты жарасқан сахна, ақшаңқан киіз үйлер, ойын алаңдары, алтыбақан, қол өнершілер мен сауда-саттыққа арналған шатырлар, әсем табиғатпен үндескен шағын сәулет мүсіндері орын тепті.

«Жезкиік» – жан-жақтан өнерпаз дар жинап, көңіл көтеретін көп фестивальдің бірі емес, астарында Ұлытау сияқты жырақта жатқан, қиыр шетте қағыс қалған өңірге қан жүгіртудің қамы қарастырылған жоба. Оның аясында осымен екінші рет халықаралық туристік форумның өтуі де сондықтан. Әлемнің қырық елінен келген туроператорлар мен сала мамандары салиқалы әңгіме қозғаған алқалы жиынға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысып, сөз сөйлеуі халықаралық музыкалық фестивальдің мерейін шығарып, салмағын арттырған естен кетпес елеулі оқиға болды.

Тарихы терең Ұлытаудың қадір-қасиетін бағалау баршаға ортақ парыз екенін қадап айтқан Мемлекет басшысы: «Мысалы, Монғолия Шың ғыс хан тұлғасын халықаралық туризмді дамыту үшін өте тиімді пай даланып отыр. Ал, ұлы ханның үлкен ұлы Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейді.

Ата-бабалардың аманатына адал болу – бізге сын. Сондықтан, біз Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түр де қолға алуымыз қажет. Оның та рихи тұлғасына әлемнің назарын ау дарып, кесенесін мәдени туризм ны санына айналдыру – өте маңызды міндет» – деп, отандық туризмді дамытудың басты бағыттарын, жүргізілуі тиіс жұмыс жүйесін нақтылап берді.

«Жошы хан» дегеннен шығады, халықаралық туристік форумға қатысушылар киелі жерлерді аралағанда Моңғолиядан келген делегаттар әлемге танымал тарихи тұлға Жошы бақилық мекен еткен Ұлытау екі ел арасында туристік қарым-қаты насты дамыту бағытында ерекше кө ңіл бөлінуі тиіс өңір екеніне назар ау дарса, сол елдегі туризмді дамыту орталығының төрағасы Гансух Дамби: «Біз Жошы хан осы жақта жатқанын білеміз. Бірақ, көзбен көру – бір басқа. Алған әсеріміз ерекше! Енді бұл тарихи-мәдени мұраны өзімізде насихаттап, туристер әкелу жайы жоспарда бар» –  деп, көңіл төріндегі ойын ортаға салды салды.

Туризм болсын, басқа да кез кел ген мәдени-бұқаралық іс-шара болсын, ең алдымен, қазақтың ұлттық өнері мен тарихын, мәдениеті мен руханиятын әлемге паш етсе, ел абыройы асқақтайды. Қысқа мерзімде дабысы төрткүл дүниеге жетіп, жаһанды жалт қаратқан «Жезкиік» халықаралық музыка фестивалі сонысымен де құнды.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Басқа материалдар

Back to top button