Жаңалықтар

31 жылдық тарихы бар даңқты бөлім

Өткен сенбіде 31 жылдық тарихы бар 5516 әскери бөлімі бөлімнің құрылған күнін салтанатты түрде Теміртау қаласының мәдениет сарайында өткізді. Айтулы іс-шараға бөлімнің жеке құрамы, «Орталық» ӨңҚ қолбасшылығы, 5451, 6505 әскери бөлімдерінің басшылығы, қаламыздың өзара әрекеттесетін органдарының өкілдері Теміртау қаласының полиция басқармасы, қорғаныс істер бөлімі, төтенше жағдай басқармасы, прокуратура, және басқа да жергілікті атқарушы билік өкілдері мен  бөлімнің ардагерлері қатысып, құрметті қонағы болды.

Сурет: ұйымдастырушыдан

Іс-шара барысында бөлімнің жеке құрамына офицерлер мен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілеріне, сарбаздарға және Ұлттық ұлан Академиясының 2022 жылғы түлектеріне Ұлттық ұлан нышаны бар төрт қол сағаты, қала әкімі Ораз Таурбековтің атынан бағалы сыйлықтар, Теміртау қаласының әкімшілігі, полиция, төтенше жағдайлар басқармасы атынан алғыс хаттар мен грамоталар табысталды.

– Бүгінгі маңызды күн біздің өткенімізді саралап, болашаққа міндеттерді айқындайтын күн. Біздің қызмет – жоғары жауынгерлік әзірлік пен даярлықты қажет етеді. Бөлімнің басты міндеттері – қаламыздың көшелерінде қоғамдық тәртіпті күзету, құқықтық тәртіпсіздікке, жаппай тәртіпсіздіктерге жол бермеу, көше қылмыстарын алдын-алу болып табылады. 5516 әскери бөлімінің жеке құрамы батыр бабаларының асқақтаған рухтары мен қаhарлы істерінен үлгі алып, әрқашан да халқына қызмет етуге әзір. 5516 әскери бөлімі, өз Отанын құрметтеген және мәңгілік адал қызмет ететін айбынды да абыройлы бөлім!, – деді бөлім командирі подполковник Рауан Омаров.

Құттықтау рәсімінен  соң қонақтарға Алау» вокалдық ансамбілінің солисті С.Сейіткалиева, Г.Маликов., «Глория» және «Арабески» хореографиялық ансамбілінің әншілері мен бишілерімен концерттік бағдарламаларымен тарту етілді.

Бөлім 1992 жылдың 25 ақпанында, Қазақстан Республикасы Министр кабинетінің қаулысымен, Теміртау қаласында, жеке арнайы моторландырылған милиция батальоны – 5516 әскери бөлімі болып өз қызметін бастаған еді.

Қазақстан Республикасы Үкіметімен және Ішкі әскерлері Қолбасшысы бұйрығымен бөлім жеке құрамы Ішкі істер органдарымен бірлесіп Теміртау қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет еншісін иеленді.

Қазіргі уақытта өзінің жауынгерлік жолында міндетін 31 жыл бойы жоғарғы дәрежеде өткеріп келген даңқты бөлім, бүгінде де Қазақстан Республикасының Президенті, ІІМ, ІІМ орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы мен «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының қойылған тапсырмаларын абыройлы  орындауға дайын.

Сержант Баян Мусина.

ТЕМІРТАУ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button