АймақЖаңалықтар

№31 бағытта қатынайтын автобус қайта жұмысын бастады

Қарағанды ​​қаласының әкімі Мейрам Қожуховтың шешімімен  қалада 1 Наурыздан бастап №31 бағытта қатынайтын автобус жұмысын қайта бастады. Сонымен қатар, бұл өзгеріс №16 және №69 автобустарға да қатысты.

Бұған дейін №31 бағытта қатынайтын автобус болған. Алайда, ол жабылып қалған. Қала әкімі көктемнің бірінші күнінен бастап бұл бағыттағы автобусты қайта жолға шығарды.

– Тұрғындар індет кезінде жабылған №31 бағытта қатынайтын автобусты бірнеше рет сұраған.  Тұрғындардың тілегін ескере отырып, №31 бағыттағы автобусты қайта жолға шығардық. 1 наурыздан бастап бұл бағытта 10 автобус қатынайтын болады. 14 шағын ауданнан ҚЭУ-ге дейін, аялдамасы Global City, одан әрі К.Дүйсембеков көшесі мен Бұқар жырау даңғылының бойымен жүреді, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ, қала әкімі №16 бағытта қатынайтын автобус бағытына өзгеріс енгізілгенін де айтты. Яғни, бұл бағыттағы автобус Күнгей шағынауданының тұрғындарын тасымалдайтын болады. Және де ескі №69 бағытындағы автобус қайта іске қосылды.

– Бұл Майқұдық тұрғындары үшін өте қолайлы болмақ. Жаңартылған №69 бағыт ескі кесте бойынша – 14-шағын ауданнан Көгілдір тоғандар №4 емханаға дейін жолаушыларды тасымалдайды, – деді Мейрам Қожухов.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button