Құрметті жерлестер!

Сіздерді әлемдегі барша мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Қастерлі Құрбан айт мейрамы – игіліктің, мейірім­діліктің, кеңпейілділіктің, жақындарға жанашырлық пен қамқорлық салтанат құратын мереке. Бұл күндері жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге және барша мұқтаж жандарға көрсетілетін ізгі көмек жүректерді ізгілік пен ризашылыққа толтырады. Бұл күн – ағайын арасын жақындата түсетін мейрам. Араздасқан адамдар татуласып, өзара кешірім жасап, туысқандық байланыстар нығаятын ұлық мереке.

Құрбан айт – отбасы құндылықтарының маңызды­лығын насихаттайтын мейрам. Жас ұрпақ Құрбан айттың қадірі мен сауабын сезініп, ізгілікке ұмтылады.

Біздің елімізде Құрбан айт мейрамы мәдени және рухани құндылықтарды дамытуда, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуда маңызды орын алады. Бұл күнде бірлігі бекем барша этнос өкілдері арасында қалыптас­қан достық пиғылдағы келісім арқасында облысымыздың тұрғындары өзара бірлікте тату-тәтті өмір сүріп келеді. Ал бірлік пен татулық – мемлекетіміздің тірегі. Діннің тірегі – имандылық. Имандылық әр адамды тек жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, әділет, парасат жолы­мен ғана жүруге үндейді. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері діліміз, тіліміз, дініміз қайта оралып, еліміздің өркендеуіне жол ашты.

Қадірменді ағайын, сіздерді барлық әлем мұсылмандарының мерейлі мерекесі Құрбан айтпен тағы да құттықтай отырып, әрбір отбасына амандық, бақыт, береке тілейміз.

Алла Тағала баршамызға береке-бірлік, ынтымақ пен бейбіт өмір сыйласын!

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,

Қарағанды облысының әкімі.

Серік ӨТЕШОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.