ЖаңалықтарРуханият

Байқау!

Белгілі публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының иегері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ атындағы «Қолыма қалам алдым айтамын деп…» атты облыстық шығармашылық байқаудың ЕРЕЖЕСІ

«Saryarqa Aqparat» ЖШС облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің редакциясы белгілі публицист, Арқа баспасөзінің абызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының иегері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Г.Толмачев атындағы «Үздік БАҚ редакторы» байқауының жеңімпазы Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ атындағы «Қолыма қалам алдым айтамын деп…» атты байқау жариялайды.

Байқау мақсаты:

– көрнекті көсемсөзші Мағауия Сембаевтың рухани мұрасын дәріптеу арқылы Арқа өңірінде қалыптасқан журналистика мектебінің өрісін кеңейту;

– қоғамдағы өзекті проблемаларды көтерудегі қаламгер М.Сембаев шеберлігін насихаттау.

Байқау шарттары:

– байқауға 25-64 жас аралығындағы (25 жас – М.Сембаевтың алғашқы жетістікке жетіп, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанған жасы, 64 жас – қаламы қаңтарылып, мәңгілік сапарға аттанған жасы) үміткерлер қатыса алады;

– байқауға еркін тақырыпта жазылған публицистикалық мақалалар, экономикалық шолу, әлеуметтік сараптама және М.Сембаев туралы эсселер қабылданады;

– ұсынылған шығармалар 3 компьютерлік (14-ші қаріп, 1,5 кегль, қаріп түрі «Times New Roman») беттен аспауы және байқау жарияланған мерзімге дейін ешқайда жарияланбаған шығарма болуы шарт;

– байқауға ұсынылған шығармалар 2020 жылғы 15 тамыздан – 1 қазанға дейін ortalyk.kz@ gmail.com электрондық поштасы арқылы «Мағауия Сембаев атындағы байқауға» деген айдармен қабылданады.

Марапаттау

Байқау қорытындысы бойынша бір ғана үміткер жеңімпаз болып танылып, жеңімпазға «Мағауия Сембаев атындағы сыйлықтың лауреаты» төсбелгісі мен куәлік табысталады және 500 000 теңге ақшалай сыйлықпен (демеушілер есебінен) марапатталады.

Жеңімпазды марапаттау рәсімі 4 қазан – «Ortalyq Qazaqstan» газетінің жарық көрген күніне орай ұйымдастырылады.

Ұйымдастыру алқасы.

Басқа материалдар

Back to top button