Жаңалықтар

3 млн. теңгені қолды етті

Қарағандыда жалған кәсіпкер ЖШС-ке автокөлік майын сатамын деген желеумен 3 млн. теңгесін қолды еткен,  деп хабарлайды Оrtalyq.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің басшылығы арызбен шағымданған. Белгілі болғандай, аталған серіктестік қалада көлік жөндеу және көліктің қосалқы бөлшектерін сатумен айналысқан. Кейін олар жұмыстарына қажет болғандықтан осындай мекемелерге «жанар-жағармайлар тасымалдаймыз» деген екі азаматпен танысқан. Олардың фирмасымен келісімшартқа отырып, олар жәбірленушіге май алып келетін болып 3 млн. теңгені алдын ала алған. Кейін соңғысы аталған келісімшартты орындамай, хабарсыз кеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 54 және 63 жастағы екі азамат ұсталды. Олар жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлерімен күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button