Рухани жаңғыру

Конституция – Тәуелсіздігіміздің кепілі

Біздің өмірімізде Конституцияның қандай айшықты орын алатынын бәріміз жақсы білеміз. Қастерлі құжат «Біз – Қазақстан халқы…» деген сөздерден басталады. Дәл осы сөздер Қазақстандағы әртүрлі этнос өкілдерінің арасындағы қатынастарға негіз болып отыр.

Бүгінде қазақстандықтарды бір елде тұрып жатқандықтары ғана біріктірмейді. Оларды Отанына деген құрмет пен сүйіспеншілік біріктіреді. Өйткені, ұлт рухы мен Отанға деген сүйіспеншілік – қоғамның үйлесімді өмір сүруінің бірден-бір негізі.

Қазақ халқының тамаша мақалында «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген ұлы ұғым тегін айтылмаса керек. Дәл осы бірлік мемлекет дамуының қозғаушы күші болып табылады.

Ассамблея мүшесі ретінде, біздің өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау ісіне облыс әкімі Жеңіс Қасымбек төрағалық ететін Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өткім келеді.

Облыстың этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары республикалық және халықаралық іс-шараларда облыс Ассамблеясының өзіндік орнын лайықты түрде таныта білуде.

Облыстық ассамблеяда 20дан астам сарапшы зерттеу және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Этномәдени бірлестіктердегі жастар қанатының өкілдері ҚХАның «Мың бала», «Қазақтану», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері» жобаларына белсенді қатысуда. Аталған жобалар патриотизмге тәрбиелеудің, жалпыұлттық азаматтық бірегейлікті нығайтудың базалық негіздері болып саналады.

Қарағанды облысының Достық үйі әлеуметтік бірлік пен этносаралық келісім идеяларын қалыптастыру мен таратудың, патриотизмді тәрбиелеудің нағыз орталығына айналды.

Облыстық Ассамблея мен өңірдің этномәдени бірлестіктері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға, қайырымдылық қызметті, медиацияны дамытуға белсенді атсалысуда. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы жаңғырту басымдықтары төңірегінде түрлі этностардың жастарын топтастыру, соның ішінде жастардың өзекті стартаптарын қолдау бойынша ауқымды жұмыстар атқаруда. Мәдениетті, дәстүрді, тілдерді сақтау және дамыту саласында облыстың этномәдени бірлестіктеріне мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Біз үшін ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарда бірлік пен келісімді жоғалтпау және жалпыұлттық қазақстандық патриотизм идеологиясын қалыптастыру өте маңызды.

Қазақстан – біздің ортақ Отанымыз. Оның тұрақты дамуының кепілі – біздің Конституциямыз. Біз жас ұрпаққа осы Ата Заңға құрмет көрсету – басты парызымыз екенін көрсете білуіміз керек.

Биыл Конституциямыздың қабылданғанына 25 жыл толды. Бұл – планетарлық дамудың жаһандық ауқымында алып қарағанда аз уақыт болуы мүмкін. Бірақ, біздің ұлы мемлекетіміздің тарихы аясында – бұл маңызы терең күн. Ол – толеранттылық пен елдің тұрақты дамуының көрсеткіші.

Мен сөзімді Елбасы – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен аяқтауды жөн көрдім. «Әрбір қазақстандық ұлтына қарамастан, Қазақстан – оның құқықтары мен бостандықтарын әрқашан қорғауға дайын, туған мемлекеті екенін түсіне білуі керек. Тек, осы жағдайда ғана қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу мен түйсінудің негізі пайда болады, тек осы жағдайда отандастарымыз бүкіл әлем қазір Қазақстан ретінде білетін мемлекетте ғұмыр кешіп жатқандығы үшін мақтаныш сезімін сезінеді» – деді Елбасы. Менің ойымша, бұдан артық жеріне жеткізіп ешкім айта алмас.

Виталий ХМЕЛЕВСКИЙ,

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,

Қарағанды облыстық поляк қоғамының төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button