Жаңалықтар

Ел келешегі – жастардың қолында

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттарды айқындап берді. Жолдауда көрсетілген бастамалар кәсібилік пен біліктілік деңгейінің қалыптасуына жағымды әсерін тигізеді деген ойдамын. Себебі, еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін тиісті жағдай жасаудың маңызы зор.

 Елбасының 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауы аса қуантарлық жағдай екені анық. Осы арқылы ол өзінің жастарға үлкен сенім артатынын көрсетіп отыр. Жастар Ұлт көшбасшысы ұсынған түрлі салалардағы мәселерді шешу жолдарын қолдайды. Ел болашағы үшін сапалы білім алу бәсекелестікке төтеп бере алатын маман болып шығу, адал еңбек ету – біздің университетіміздегі әрбір студенттің алға қойған мақсаты. «Мұғалім мәртебесі туралы» заң қабылдау, медицина саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру секілді толғақты мәселелердің түйінін Елбасы өзі қадап айтты. Қалай болғанда да, қоғамдық жүйе де, қарапайым халық та бір серпіліп қалды.

Елбасының екі жақсы бастамасы, ол – біріншіден, жалақыны көтеру. Бұл экономикалық жағынан және халық үшін өте маңызды. Ал, екіншісі, 2019 жылдан бастап «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданатындығы. Шынымен де, қоғамды алға бағыттап тәрбиелейтін – ол ұлағатты ұстаздар. Жастарға білім беру жүйесінде адамгершілік пен патриотизмге тәрбиелеудің маңызы жоғары болып табылады. Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының бәсекелестікке сапалы маман дайындауға қатысты нақты талаптарды айқындап берді. Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы. Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететін университеттер ғана Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйене отырып мамандар даярлау арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орната алады. Елбасының әрбір Жолдауы – халық мүддесін көздейтініне тағы бір мәрте көз жетті.

Ардақ КҮЛЕЙМЕНОВ,

 Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button