АймақОсакаров

Қарағанды Тоқсұмақ көліне тұқы мен сазан балықтары жіберіледі

Осакаров ауданының Озерный ауылдық округіндегі Тоқсұмақ көліне жақында тұқы мен сазанның 15 мың шабағы шығарылды. “Табиғат әлемі” балық өндіруші артелі жыл сайын көл фаунасының санын сақтау үшін су қоймаларын жас балықтармен толтырады. Мұны күзде, судың температурасы шабақтар үшін ең қолайлы болған кезде жасайды.

Шабақтарды Озерное ауылына Қарағанды балық тәлімбағынан цистерналарға салып алып келді. Олар жақында ғана дүниеге келген және әлі қыстан шығулары керек.

Биыл кәсіпкерлер 540 мың теңгеге жас шабақтар сатып алды. Олар Тоқсұмақ көлін жалға алып, су қоймасын балықтандырулы көздеп отыр. Бұл балық санын сақтау, түрлердің алуан түрлілігін арттыру және экологиялық жағдайды жақсарту үшін жасалады.

Тұқы көлдің биологиялық тазалығына ықпал ететінін атап өткен жөн, өйткені бұл шөпті балық су қоймасының тұнбалануына жол бермейді.

“Табиғат әлемі” балық аулау артелі Осакаров ауданын жаңа және пайдалы өніммен қамтамасыз етеді.

Басқа материалдар

Back to top button