Жаңалықтар

249 келі балық аулаған браконьерлер құрықталды

12 мамырдан 13 мамырға қараған түні Қарағанды облысының Полиция департаменті мен Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Осакаров ауданының су айдындарының бірінде рейдтік жұмыстар жүргізді. Сағат 23.30 шамасында олар жақын жердегі ауылға қарай жүретін тіркемесі бар жеңіл автокөлік күдік тудырған.

30 жастағы жергілікті тұрғын басқарған автокөлікті тексеру кезінде жалпы салмағы 249 келі болатын жаңа ауланған балықтың бірнеше қапшығы тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі  515 мың теңгені құраған.

ҚР ҚК-нің «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button