АймақБалқаш

Еріктілер Балқаш көлінің жағалауынан 15 тоннадан астам қоқыс шығарды

Балқаш өзенінің жағалауынан 15 тоннадан артық қоқыс шығарылды. Экосенбілікке Балқаш әкімі Ораз Таурбеков те өз тобымен бірге қатысты. Еріктілер құрамында мектеп оқушылары мен студенттер де болды.

Жағалау аймағының түрлі учаскелерін екі сағаттан артық жинады. Жастар, әкімшілік қызметкерлері мен бей-жай емес қала тұрғындары 2,5 км жүріп, қоқыс жинады. Қалдықтар арнайы техникамен шығарылды.

– Бұл акция толығымен біздің белсенділермен бастама алды. Оның басты шабыттандырушысы –  Анар Адамбекова. Танысқаннан кейін, қаламыздың экологиясы үшін алаңдайтын бұл кісінің жүрегі кең екенін түсіндім. Біз әріптестерімізбен акция туралы естіген бетте ойланбастан қолдауға бел будық, – дейді, Балқаш әкімі Ораз Таурбеков.

Еске салатын болсақ, екі апта бұрын қала тұрғыны Анар Адамбекова жағалаудан қоқыс жинауды ұйымдастырды. Отбасымен демалып жүріп, адамдардың серуеннен кейін қалдықтарын жинамай кеткен жайттардың куәгері болды. Жағалау қоқысқа толы еді. Бірінші кезекте өз отбасымен және таныстарымен жинап, 230 қап қоқысты медициналық колледжге қарсы жағалау маңындағы учаскеге тасыды.

Әкімшілік техникамен көмектесті. Ал балқаш кәсіпкерлерінің бірі жағалауда қоқысқа арналған контейнер орнатты.

Қазір эконауқан жандана бастады – оған мектеп оқушылары мен студенттер қосылды.

Басқа материалдар

Back to top button