Әкім сағаты немесе өзектен тебер өгейлік

Сейсенбі күні Балқаш қаласының әкімі Ораз ТӘУІРБЕКОВТІҢ қатысуымен Instagram желісі арқылы тікелей эфирде Әкім сағаты өтті. Шаһар басшысы бір сағат бойы тұрғындардың көкейкесті сауалдарына жауап берді.

Бірден айта кетуге тиіспіз, Әкім сағатының мемлекеттік тіл де емес, 95 пайыз ресми тілде өткі зілгені қазақтілді журналистердің нара зылығын тудырды. Жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында: «Мемлекеттік қызметке, оның ішінде, халықпен тығыз жұмыс істейтін лауазымға тағайындау кезінде кәсіби біліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басымдық беру керек. Парламентте немесе баспасөз мәслихаттарында мемлекеттік тілде сөйлеп, пікір алмаса алмайтын мемлекеттік қызметкер ұғымы, ең алдымен, қазақ азаматтарының арасында – анахронизмге айналуға тиіс» деген болатын.

Тікелей эфир «Мемлекеттік тілде өтуі керек» деген ескертпемізді қала әкімі елемеген сыңай танытты. Тіпті, біздің сөзімізге бір ауыз қолдау білдірер деген әріптесіміз, онлайн­ сұхбаттың модераторы әкімнің орнына өзі жауап қайырып, «біз көпшілікке түсінікті тілде сөйлеп жатырмыз» деп көсілді. Бұл сөздің ауанынан мемлекеттік тілге жанашырлықты көре алмадық. Демек, Президенттің бастамасына бұл жағдай мүлдем кереғар екені айтпаса да түсінікті…

Енді, Әкім сағатында өрбіген әңгіменің өзіне келейік. Алдыңғы өт кен тікелей эфирде тұрғындардан қа ла әкіміне 108 сұрақ түсіп, оның 50 сұрағына сол күні жауап берген.

 Ораз Қайсаұлының онлайн брифинг кезінде елімізде эпидемио логиялық жағдай күн сайын күрделеніп жатқандығын сөз етті. Қала бас шысының айтуынша, Балқаш қаласында індет жұқтырған 622 науқас тіркелген, олардың 335­і емделіп шыққан. Қазіргі таңда ауруханада 97 науқас ем қабылдауда. Инфекциялық стационарда 41 адам, 9 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оларды аман алып қалу үшін бар күш­жігерін салуда. соңғы тәуліктің өзінде 14 науқас тіркелген. Қажетті дәрілер жергілікті дәріханаларға бүгін жеткізілмек екен.

– Эпидемиологиялық ахуалдың қиындап кеткендігін көріп отырмыз. егерде біз карантин шараларын мұқият, қатаң сақтамасақ, бұл эпидемиологиялық жағдай ары қарай да күрделене беруі мүмкін. Карантин жағдайына байланысты мобильді топ жұмыс жасауда. Олар ұйымдастырған рейд кезінде бірқатар тексерілген нысан санитарлық талап үдесінен шықпай, кәсіп иелері ескерту алды. Карантин ережесін сақтамағандарға қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің қатаңдатылғанын жеткізудеміз, – деді Ораз Тәуірбеков.

Бұдан бөлек, эпидемиологиялық ахуалды ескерген қала әкімдігі жаңа оқу жылына қызу дайындалып, мектептер мен жекелеген көмекке мұқтаж отбасыларды қажетті құрал­жабдықтармен жабдықтауға кіріскен.

 Тікелей эфирге келіп түскен сұрақтардан байқағанымыз – бал қаштық тарды көбіне тұрғын үй­коммуналдық шаруашылығы мәселелері мазалайды екен. сондай­ақ, әлеуметтік қамтамасыз етуге қатысты да сұрақтар көптеп жолданды. Денсаулық сақтау және құқықтық тәртіпті сақтауға байланысты сұрақтар да аз болмады.

Қала әкімінің сөзінше, қаланы абаттандыруға, тұрғын үй мә селелеріне қатысты оңтайлы шешімдер қабылданған. Шаһардағы Қа ра менде би, Ағыбай батыр, Ленин кө шелеріндегі үйлердің қасбеттеріне жөн деу жұмыстары жүргізілмекші.

Көшелерді кеңейту, асфальттау жұмыстары да кең көлемде жүргі зілетіндігін атады. сонымен қатар, эфир барысында жауап беріп үл гермеген сұрақтар да назардан тыс қалмады. Жазылып алынған сұрақтарға әлеуметтік желі арқылы кері байланыс орнатылып, жауабы берілді.

Нұрдос КӘРІМ.

БАЛҚАШ қаласы.