АймақШет

Кент келбеті – келісті

Шет ауданына қарасты Ақадыр кентінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында білім мекемелері мен жаяу жүргіншілер жолы жөндеуден өтуде.

Кенттегі Тәуелсіз Қазақстан және Ағыбай батыр, Байғозы батыр көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл – бірінші кезекте, халықтың сұранысы. Ақадыр кентінің әкімі Дәурен Карсембаевтың айтуынша, елді мекендегі 1 шақырым аумаққа тротуар төсеу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінген. Жаяу жүргіншілер жолының құрылысына 3 адам жұмысқа тартылған. Тағы бір айта кетерлігі, құрылысқа қажетті материалдар жергілікті жерде өндіріледі.

Аталмыш мемлекеттік бағдарлама аясында кенттегі Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейдің 9 қол жуатын бөлмесі мен әжетхана жүйелері жаңартылуда. Бұған республикалық қазынадан 7 млн. 300 мың теңге қаражат қарастырылған.

Сонымен қатар, М.Мәметова атындағы орта мектептің шатыры түгелдей ауыстырылып, кенттегі 4 көшенің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ақадырдағы атқарылған ауқымды істер кент келбетіне көрік қосып, ажарын ашатыны айқын.

Думан ҚАБЫЛ.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button