Жезқазған

Жаңа цех ашылады

Желтоқсан айында «Жалтырбұлақ» АҚ кен орнының шикізатын қайта өңдейтін цех ашылады. Өндіріс ошағының жай-күйімен қала әкімі Қайрат Бегімов танысып қайтты.

Аталмыш жоба облыстың Кәсіпкерлікті дамыту картасына енгізілген. Жалпы құны – 3,4 миллиард теңге. Оның үштен екі бөлігі – «Жалтырбұлақ» АҚ-ның қаражаты.

Бүгінде жобаның бірінші кезеңі жемісті жүзеге асырылуда. Әзірге «Жалтырбұлақта» катод тұнбасы алынады. Өнім «Тау-Кен-Алтын» ЖШС-не жіберіліп, Доре балқымасы құйылады.

123 адамды жұмыспен қамтыған өндіріс орнының жылдық қуаты 515 мың тонна тұнба әзірлеуге шақталған. Компания басшылығы жыл соңына дейін межені асыра орындайтынын айтады.

Қуаныш Аманқұлов,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Back to top button