Жаңалықтар
Қарағандыда ат жарыс өтеді
Қарағандыда 14-ші қазан, жексенбіде бәйге өтеді. Арғымақтар төрт түрлі қашықтықта жарысады, – деп хабарлайды karaganda-region.gov.kz
Қорытынды бәйгеде бір жасар жылқылар 6 шықырып шапса, екі жасар аттар – 12 шақырым шабу керек болады. «Топ бәйге» дистанциясы 17 шақырымды құрайды, ал ең ұзақ қашықтық 25 шақырым болады.
Бірінші орын үшін берілетін сыйлық – асыл тұқымды жылқы.
Шараға келген қонақтар үшін ипподромда киіз үйлер орнатылады, ұлттық ойындар ұйымдастырылады, сондай-ақ ыстық палау мен шай беріледі.
Бәйге 14-ші қазанда 10.00-де басталады. Ұйымдастырушылар барлық ниет білдірушілерді «Сарыарқа» әуежайына апарар жолдың сол жағында орналасқан Құрылыс ауылындағы ипподромға шақырады