АймақКоронавирусШет

Дәріханалар жұмысы – назарда

Мемлекет басшысының жаһанды жайлаған дертті ауыздықтау мақсатындағы тапсырмасына сәйкес, Шет ауданында да кешенді шаралар қолға алынған.

Аудан әкімі Мұхит Мұхтаров бастаған арнайы топ бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралап, олардың жай-күйімен танысты.

Өңір басшысы дәріханаларда алдымен санитарлық талаптардың қатаң сақталуын және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу қажеттігін тапсырды. Дәріхана иелері аудан басшысына қазіргі уақыттағы сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің көпшілігі бар екендігін және тұрғындарға сатылып жатқандығын мәлімдеді. Дегенмен, кейбір қажетті дәрілерді алуға тапсырыс берілгендігін, жақын күндері келетіндігін айтты.

Қазіргі таңда дәріханалар да карантин режиміне сәйкес жұмыс істеп тұр.

Думан ҚАБЫЛ.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button