21 тамызда мұғалімдердің біліктілік тестілеуі басталады

15-20 тамыз аралығында app.testcenter.kz сайтында педагогтердің білімін бағалау тестіне өтініш қабылданып, тестілеу 21-28 тамыз аралығында өтеді.

Тестілеуге мына тұлғалар қатыса алады:

– мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;

– білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);

– жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;

– қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;

– білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;

– техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;

– педагогикалық бағыттар бойынша ЖОО және колледж бітіруші түлектер (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);

– педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер);

– педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.