АймақБалқашЖәдігерРуханият

Әлкейдің домбырасы

Қазақтың біртуар перзенті, академик Әлкей МАРҒҰЛАННЫҢ домбырасы Балқаш тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұр. Аспапты Әлекеңмен бірге далалық экспедиция жұмыстарына белсене араласқан өлкетанушы Аманқұл МҰСАТАЙҰЛЫ 2002 жылы тапсырған екен.

– Аманқұл ақсақал көзі тірісінде акдемик Әлкей Марғұланнан қалған құнды жәдігерлерді 2002 жылдың 5 желтоқсанда музейге өткізді. Сол жәдігерлердің арасында ғалымның домбырасы да бар. Бір кезде Әлекең қала тұрғыны К.Тулекееваға қолтаңбасын жазып сыйға тартқан. Академик «домбырадан төгілген күйлер халқымыздың тынысы, табиғаттың ғажайып үнінің бейнесі» деп бағалаған. Таутұлғаның бұл жәдігерін көздің қарашығындай сақтап келеміз, – дейді музей қызметкері Асыл Серікқызы.

Айта кетейік, музейде Әлкей Хақанұлына арнайы бұрыш ашылып, тұлғаның тұтынған заттары қойылған.

Өз тілшімізден.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button