Жаңалықтар

20 қарағандылық азаматқа автокөлік төлем шоты берілді

6 ақпанда Астана уақытымен сағат 10.00-де жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдайтын autonesie.kz платформасы іске қосылған болатын. Бүгінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ бағдарламаның алғашқы қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Платформа алғаш іске қосылғанда пулға 19 бен 62 жас аралығындағы 761 қатысушы тіркелген. Өтінім қабылдау басталған сәтте autonesie.kz сайтына Алматы (31%), Астаны (22,6%) және Шымкент (9,3%) қалаларынан көптеп кірген. 

Қолданыстағы автокредиттерді өтеуден жинақталған қаражат көлемі 7,6 млрд. теңгені құрайды. Сол себепті пилоттық платформа іске қосылғанда 761 өтініш беруші ғана тіркелді. Бүгінде 463 қатысушы автосалондарға барып, төлем шотын алды. Қатысушылардың басым бөлігі Hyundai мен Chevrolet автокөлік брендтерін таңдаған. 

Автокөлік төлем шоты берілді:

Астана – 175;

Алматы – 79;

Қостанай облысы – 44;

Жетісу облысы – 43;

Шымкент – 41;

Қарағанды облысы – 20;

Шығыс Қазақстан облысы – 13;

Ақтөбе облысы – 9;

Солтүстік Қазақстан облысы – 7;

Жамбыл облысы – 6;

Атырау облысы – 5;

Павлодар облысы – 5;

Ақмола облысы – 4;

Абай облысы – 4;

Маңғыстау облысы – 3;

Түркістан облысы – 3;

Батыс Қазақстан облысы – 2.

Бағдарламаға қатысушы банктер жалпы 2 млрд. 549 млн теңге сомасында өтінімдерді қабылдап, мақұлдады. 

Жеңілдетілген автонесиені рәсімдеудің жалпы мерзімі платформада өтінім берген сәттен бастап автокөлік алғанға дейін 60 күнтізбелік күнді құрайды. Өтінім берушіге бір банк кепілхат беруден бас тартса, онда бағдарламаға қатысушы басқа банкке жүгінуге құқылы.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 2015 жылдан бастап жеңілдетілген автонесие беріледі. Бүгінде бағдарлама бойынша жалпы сомасы 281,5 млрд. теңгеге 45 325 автокөлік берілді. Соның ішінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ 2022 жылғы мамырдан бері жалпы сомасы 100 млрд. теңгеге 12 626 жеңілдетілген қарыз берді. Банктер 2015 жылдан бері 181,5 млрд. теңгеге 32 699 қарызды мақұлдады.

Бағдарлама 2052 жылға дейін жалғасады. Платоформа іске қосылғаннан кейін әр ай сайын жүзден астам өтініш беруші тіркеледі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button