Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

Елена Рыбакина жарақатына байланысты Цинциннатидегі турнирді жалғастыра алмады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдегі жолын жарақатына байланысты аяқтады.Бұл туралы Cincinnati Open турнирінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет теннис федерациясынан

Әлемнің екінші ракеткасы ширек финалда польшалық Ига Швёнтекке қарсы кездесуін жалғастыра алмады. Рыбакина бірінші сетте 1:4 есебімен жеңіліп жатқан кезде жарақатына байланысты ойыннан бас тартты. Кездесу небәрі 28 минутқа созылды.

Матч барысында Рыбакина бір эйс жасап, бір рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ бір брейк-пойнт мүмкіндігін пайдалана алмады. Швёнтек те бір қос қателік жіберіп, бір брейк-пойнтты жүзеге асырды.

Осылайша Ига Швёнтек ешқандай күш жұмсамай-ақ Цинциннати турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Келесі кезеңде поляк теннисшісі америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.

Елена Рыбакина бұған дейін турнирдің 1/8 финалында әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Диана Шнайдерді жеңіп, ширек финалға шыққан еді.

Қазақстандық теннисшінің жарақатының нақты сипаты мен алдағы турнирлерге қатысуы әзірге белгісіз.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button