Коронавирус
«Сарыарқа» ӘКК дәрі-дәрмек сатып алуды қаржыландырды
«Сарыарқа әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Қарағанды облысы үшін дәрі-дәрмек сатып алуды қаржыландырды. Бұл коронавирустық инфекцияның екінші толқынын күтуге байланысты күзгі-қысқы кезеңде қажетті қорды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қаражат қайтарымды негізде бөлінген. Шарттың талаптары бойынша фармацевтикалық компания тізім бойынша әлеуметтік маңызы бар дәрілік препараттарды төмендетілмейтін қалдық ретінде сатып алуға және сақтауға міндеттенеді. Көлемі ескертілді: парацетамол мен ацетилсалицил қышқылының 150 мың қаптамасы, «Ингавириннің» 10 мыңы және «Осельтамивирдің»20 мың данасы.
Бұл қор Қарағанды облысының дәріханаларына одан әрі жеткізуге арналған.
«Сарыарқа» ӘКК АҚ баспасөз қызметі.