АймақШет

Ауыл ажарын ашқан жоба

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Шет ауданында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Ауыл әлеуетін арттырып, халықтың тұрмыс денгейін көтеру мақсатындағы жоба шеңберінде аудандық маңыздағы жолдар жөнделіп, суағарлар ауыстырылып, көктемгі тасқын судың алдын алу мақсатындағы жүйелі жұмыстар жалғасын тапқан.

Ақсу-Аюлы ауылының Жанғұтты би және Сейфуллин көшелеріне асфальт төселген. Бұған жауапты мердігерлер – «Сарыарқа жолдары» және «Кемеңгер ЖОЛ» ЖШС.

Атқарылып жатқан жұмыстар турасында аудан әкімінің орынбасары Азамат Әбілдин кеңінен әңгіме өрбітті.

– Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру туралы тапсырма берген болатын. Бүгінде Елбасы көтерген игі бастама өз жемісін беріп, ауылдардың ажарлануына көп септігін тигізіп отыр. Соның бір парасын тілге тиек етсек, аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылында «Ауыл – Ел бесігі» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары арқылы орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатта бюджеттен 500 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазір құрылыс алаңында 90 адам тынымсыз еңбек етіп жатыр. Әу баста жоба екі жылға жоспарланған. Алайда, мердігер компания үстіміздегі жылы құрылыс жұмыстарын аяқтап, нысанды желтоқсан айында тапсырамыз деп отыр. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының 30-35 пайызы еңсерілген, – дейді аудан әкімінің орынбасары.

Азамат Әбілдиннің айтуынша, аудандық арухана жаңа санитарлық автокөліктермен толығып, материалдық базасын жақсарту жұмыстары да жақсы жалғасын таппақ.

Думан ҚАБЫЛ.

Басқа материалдар

Back to top button