180° немесе әйелдер нені іздейді?
Тренингтің трендке айналғалы қашан? Өміріңді өзгерт, қарыздан құтылудың жолдарын айтамыз не болмаса бақыттың кілтін табуға көмектесеміз, түпкі сана… Қайда болсын, қанша болсын барып қатысуға құлшынған жандар көп. Әсіресе, әйелдер қауымы осындай семинар-тренингтерге қызыққыш. Әйелдер нені іздейді деуіміз де сондықтан. Тренингтер арқылы әйел нені іздеуі мүмкін?
Әлеуметтанушы мамандардың айтуынша, тренингтің екі түрі болады екен. Бірі – бизнес тренинг, екіншісі – әлеуметтік-психологиялық тренинг. Бизнес тренингтер атында тұрғандай, кәсіпкерлікке, табыс табуға қатысты білім. Ол сыртқы қажеттіліктерге жатады.
Ал, әлеуметтік-психологиялық тренинг – ішкі қажеттілік. Бұл жерде тақырып сан алуан болуы мүмкін. Оған баратындардың басым бөлігі нәзік жандар. Сонда не айтылады десек, бақытты болу жолдары, өз-өзіңді өзгерту арқылы айналаңды өзгерту, өз-өзіңді тану, отбасындағы мәселелер, ерімен, ана-анамен, ата-енемен қарым-қатынас тағысын тағы кете береді. Өмір барда адам басындағы мәселе бітпейді. Тығырыққа тіреліп, қиналған сәттер, шешуі қиын мәселелер, келіспеушілік пен ұрыс- керіс баяғыдан бар дүние. Бірақ, неліктен қазір оны көпшілік болып талқылай бастағанымыз түсініксіз. Адам басындағы жағдайды көтере алмай қалатын болды ма, әлде ішіне сыймай кететіндіктен бе? Бұған психологтардың жауабы бар.
– Қазір адамның күйзеліске ұшырауы жиілеп кетті. Оған әлеуметтік, қаржылық қиындықтар әсер етуі мүмкін. Бірақ, көбісі психологтың жеке кеңесін ала алмайды. Осы тұста жан дүниесінен тұрақтылық іздеген адамдар үшін үлкен топтарға арналған психологиялық тренингтер көмекке келді. Әрине, мұндай тренингке барғандардың бәрі өмірден баз кешкен адамдар емес, қазір адамдар өмірінде болып жатқан бір жағдайларды шешу мақсатында өзін-өзі танып, іс-әрекеттерін талдап, зерттеу керек екенін түсіне бастады. Негізі адамдардың өзіне қатаң талап қойып, үнемі ізденісте, даму үстінде болуы маңызды, – дейді психолог Шолпан Анарбекова.
Жеке басында бір мәселені шеше алмай оның себеп-салдарын іздеп қатысатындар мақсатына жететін шығар. Бірақ, «жұрттан қалмайын» деп сән үшін қатысып, әлеуметтік желілерге салу үшін де баратын адамдар бар. Ол негізінен бірнеше жыл қатарынан бала күтімі бойынша еңбек демалысында отырғандар, күнделікті шаруадан мезі болған үйдігі аналар. Тренингтен тренингке ауысып, қомақты қаражатты желге шашып, «нәтижесін» көрмейтін де болады. Тренингтен керегін алу үшін не істеу керек? Бұл ретте сөзі мен ісі сай келетін тренерге барған дұрыс деген кеңес айтады сол тренингтерді ұйымдастырушылар. Психология бойынша тренинг өткізіп жүрген адамдардың психологиялық білімі де болмауы мүмкін. Ал, ер мен әйелдің үйлесімділігі, отбасындағы түсініктік туралы сөз қозғап жүрген әйелдердің лып жатқан бір жағдайларды шешу мақсатында өзін-өзі танып, іс-әрекеттерін талдап, зерттеу керек екенін түсіне бастады. Негізі адамдардың өзіне қатаң талап қойып, үнемі ізденісте, даму үстінде болуы маңызды, – дейді психолог Шолпан Анарбекова.
Жеке басында бір мәселені шеше алмай оның себеп-салдарын іздеп қатысатындар мақсатына жететін шығар. Бірақ, «жұрттан қалмайын» деп сән үшін қатысып, әлеуметтік желілерге салу үшін де баратын адамдар бар. Ол негізінен бірнеше жыл қатарынан бала күтімі бойынша еңбек демалысында отырғандар, күнделікті шаруадан мезі болған үйдігі аналар. Тренингтен тренингке ауысып, қомақты қаражатты желге шашып, «нәтижесін» көрмейтін де болады. Тренингтен керегін алу үшін не істеу керек? Бұл ретте сөзі мен ісі сай келетін тренерге барған дұрыс деген кеңес айтады сол тренингтерді ұйымдастырушылар. Психология бойынша тренинг өткізіп жүрген адамдардың психологиялық білімі де болмауы мүмкін. Ал, ер мен әйелдің үйлесімділігі, отбасындағы түсініктік туралы сөз қозғап жүрген әйелдердің кейбіріне қарап, «әуелі өз өмірін ретке келтіріп алсын» деп ойлайтынымыз өтірік емес. Шынымен де, отбасы бақытын өзі сезінбеген адам оны жұртқа қалай үйретеді? Сол сияқты, бизнес бойынша тренинг өткізетін адам әлдеқашан өз ісін бастап, тәжірибесі болуы керек емес пе? Барған адам да соны талап етуі – орынды.
– Әсіресе, қазір, әлеуметтік желілердің уақытында, жарнамасы жер жаратын курстарға сенудің қажет жоқ, – дейді коуч тренер Самал Ашимова. – Сондай-ақ, әйтеуір тегін екен деп керек емес тақырыптағы тренингтерден де аулақ болған жөн. Оған ақшаң кетпесе де, одан да қымбат – уақытың кетеді.
Бірақ, бәрібір де тренингтің түбіне жетпейсің. Тренерлер карантиндік шараларға байланысты жүздеген адаммен залдар жинамаса да, онлайн коучтар қаптады. Онда тіпті, аудиторияны мыңдап тарта аласың. Жалпы, жаңа ортаға тап болған әйел үшін әуеліде тренердің әрбір сөзі ерекше болуы – заңдылық. Дегенмен, уақыт өте келе айтылғанды қайталап, бір тақырып айналасынан шыға алмай қалады. Бәрі бір-біріне ұқсайтын тренингтерге ақша шашқаннан гөрі қабілеті мен қызығушылығына қарай курстарға жазылған дұрысырақ сияқты. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, қолөнер немесе аспаздық, шет тілдер курсына жазылып, жаңа білім үйренсе, құба- құп. Орта өзгерту керек болса, ол жерден де жаңа таныстар табуға болады деген ой келеді кейде. Бірақ, шешім қабылдау үшін көпшілігіміз міндетті түрде біреудің айтуын күтіп жүретін сияқтымыз. Жол көрсетіп, бағыт нұсқап жіберсе, тау қопаруға болады. Тек соны айтып тұратын біреу керек. «Бұл кеңес заманынан қалыптасып қалған нұсқаулық күту әдеті» дейді кейбір психологтар. Өмір салтына айналған әдет. Қалыптасқан «жолмен» оқуды үздік аяқтады, тұрмысқа шықты, жұмысқа тұрды, енді, әрі қарай не істеу керектігін білмей қалған әйелдер сол тренерлердің қақпанына түседі. «Үйт, бүйт!» деген нұсқауды естіп алып, әрі қарай кетеді. Әрине, дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту ғой. Ең қиыны өзіңді- өзің түсіну. Өзіңді өзің түсінбесең, өзге қайдан түсінбек?!
Сонымен, әйелдер нені іздеді? Өзгеріс, бақыт, даму, мотивация?..
Жансая ОМАРБЕК