18 мерзімді әскери қызметшіге «Ефрейтор» шені берілді
«Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінде салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында былтыр әскерге қабылданған жас сарбаздарға «Ефрейтор» шені берілді. Бас Қолбасшылықтың әскери полиция басқармасының бастығы полковник Қуат Томашинов шараға арнайы қатысып, жас сарбаздарға шенді тапсырды.
Шара барысында 18 мерзімді әскери қызметшіге «Ефрейтор» шені берілді.
– Армия – мемлекеттің мызғымас тірегі. Тәуелсіздіктің кепілі. Қазіргі қуатты Қазақстан экономикалық, гуманитарлық мүмкіндіктерімен ғана мәртебелі емес, әскери әлеуеті де мықты елге айналды. Кәсіби шеберлігі ерекше, жауынгерлік әзірлігі мен қабілеті жоғары сарбаз – қауіпсіздіктің сенімді тірегіне айналды. Ел қауіпсіздігін сақтауда, Отан алдындағы борышын атқарған әр сарбаз марапатқа лайық деп айтсақ, артық етпейді, – дейді Қуат Томашинов.
Салтанатты жиын мерекелік ән-шашуға ұласты.
Ербол ЕРБОЛАТ,
ortalyq.kz