Жаңалықтар

Орталық ЖЭТ – “KEGOC” АҚ-ның өңірді қалыптастырушы бекеті

«Қуатты энергетикасыз экономиканы дамыту мүмкін емес. Бұл, әсіресе, қазір Қазақстан индустриалды-инновациялық саясат жүргізіп отырған кезеңде аса өзекті».
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

«КEGOC»АҚ қазақстандық электржелілік компания болып табылады және ел аумағында электр қуаты легін басқарады, оның бағытын және алушылардың қажеттілігіне қарай көлемін реттеп отырады. Ірі электр стансалар, ірі өнеркәсіп орындары және таратушы электржелілік компаниялар түріндегі көтерме тұтынушылардың арасындағы байланысты 25 мың шақырымды құрайтын жоғарывольтты және 78 тірек қосалқы стансаларды қамтамасыз етеді.


Бұл – Қазақстан Республикасының Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) қалыптастыратын еліміздің стратегиялық активтері. «КEGOC» – Қазақстан Республикасындағы Бірыңғай электрэнергетикасы жүйесінің (БЭЖ) жүйелік операторы ретінде Қазақстанның БЭЖ-ін заманауи техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға сай сенімді қызмет атқарып,
тиімді дамуын қамтамасыз етеді.
Компания қызметі туралы толығырақ әңгімелеуді «КEGOC»АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалының директоры Төлеу Ақанұлы Тұяқовтан өтінген едік.
– Төлеу Ақанұлы, «Орталық жүйеаралық электр тораптары» атанған филиалды құруға не түрткі болды және оның Қарағанды аймағының энергияжүйесіндегі алар рөлі қаншалықты?
– Қарағанды облысы 1932 жылы құрылған және оның қарқынды дамуының негізі табиғи ресурстар болды: атап айтқанда, көмірдің, қара және түсті металдың ауқымды қоры. Осы ресурстарды алу және өңдеу арқылы өңірде өнеркәсіптің өсуіне, сол арқылы электрқуатын тұтыну көлемінің артуына ықпал етті. Мыңдаған шақырым қуаттылығы 0,4; 6; 10; 35; 110; 220; 550 кВ құрайтын электр желілері салынды. Бұл болса, сол кезеңде осы мақсатқа орай құрылған Қарағанды тарату желілері, Қарағанды жоғары вольтты желілері, Солтүстік электр желілері, Балқаш электр желілері, Жезқазған жоғарывольтты желілері кәсіпорындары жұмысын қамтамасыз етті.
1996-1997 жылдары Қарағандыэнергоның қайта қалыптасуынан соң жекелеген электрстансалары және желілері өнеркәсіптік бірлестікке көшті, басқалары өз жұмыстарын АҚ және ЖШС құру арқылы жалғастырды, қайсыбірі өз жұмысын тоқтатты. Осы жылдары отандық электрэнергетиканың нарықтық қатынастарға көшуі жөнінде реформалар басталды және 1997 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен энергетикалық жүйені басқаруды қайта құру құрылымы бойынша біздің Компания  – «КEGOC» АҚ және Қарағанды облысында қызметін жүзеге асыратын филиал – «Орталық ЖЭТ» құрылды.
Қазіргі таңда «Орталық ЖЭТ» филиалының мүліктік кешеніне ұзындығы 2918,58 шақырымдық электртарататын 220-250 кВ жоғары вольтты желілер, сондай-ақ, жалпы қуаттылығы 3720 МВА құрайтын, қуаттылығы 220-500 кВ 10 қосалқы станса кіреді. Филиал Жүйелі оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы бекіткен көлемде, тәртіпте электр желілеріне қуаттылықты және электрэнергиясын қосалқы стансалармен және электр стансаларға беруді жүзеге асырады, сонымен қатар, сенімділік және экономикалық көзқарас арқылы электр желілерінің оптималды сызбасын қалыптастырады.
Өз еңбектері арқылы Қазақстанның Орталық аймағы Ұлттық электр желісінің сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін 400-ден астам адам филиалда тер төгеді. 

Филиал ұжымын дәстүрлі түрде жоғары білікті энергетиктердің қалыптастырғанын атап өткім келеді. Бұған бір дәлел – «Орталық ЖЭТ» филиал директорының бірі – Бақытжан Төлеуқажыұлы Қажиев болды. Қазіргі  таңда ол – «КEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы.
Сондай-ақ, біздің филиалдың қалыптасуына ғана емес, бүтіндей Қарағанды аймағының энергетика жүйесінің дамуына зор үлес қосқан құрметтті энергетиктер мен ардагерлерді атап өткім келеді. Олар – А.И.Ларшин, В.И.Нистрибенко, А.К.Каженов, Ю.П.Бондаренко, А.И. Букреев, А.Т.Акимов, М.В.Палюга, А.Н.Власов, А.С.Хасенов, Е.В.Клепиков, Н.С.Митренко, А.С.Жұмадильдинов, Е.О.Сергекбаев және тағы басқалары. Өкінішке орай, бұл ардагерлеріміздің көпшілігі біздің қатарымызда жоқ.
–Сіздердің активтеріңіздің басым көпшілігі сонау кеңес кезінде құрылған болатын. Оны жаңартуда және жаңа энергиянысандары құрылысында энергетиктер тарапынан қандай жұмыстар атқарылуда?
– Расында, біздің электржелілердің басым бөлігі өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары қалыптасқан. Бірақ КEGOC құрылған күннен бастап, ірі ауқымдағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық электр торабын жаңғырту» инвестициялық жобасының ендігі екі кезеңін бастап, жүзеге асырды. Жоба аясында тозығы жеткен жоғары вольтты 6-500кВ және релелік қорғаныс және автоматиканың орнына Siemens (Германия), ALSTON (Франция), ABB (Швеция) секілді әлемнің жетекші компаниялардың өндірістік құрал-жабдықтары орнатылды.
Инвестициялық бағдарламаға сәйкес ЖВ және ШС негізгі қуатты құрылғылар жаңартылуда, Ағадыр кенті, Қарағанды, Астана қалалары арқылы Қазақстанның оңтүстігінен солтүстігіне байланыс орнату үшін талшықты оптикалық желілік байланыс құрылысы жүргізілуде. Мәреге жеткен ірі жобалар қатарында – «Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кв екінші электр жеткізу желісі» жобасы бар, оның жалпы ұзындығы 1097 шақырым шамасында.
Оған қоса, Солтүстік-Оңтүстік транзиті қосалқы стансасының негізі «Ағадыр» 500 кВ ШС болып табылады. Қазіргі уақытта бұл Қарағанды облысындағы ірі қосалқы станса БЭЖ-дің біздің аймағымызда тұрақты және сенімді жұмысын қамтамасыз етеді. «Ағадыр» 500 кВ ҚСда бірегей және заманауи құрал орнатылды: басқарылатын жалғаушы реакторлар, элегаздық сөндіргіштер, РЗА миркопроцессорлық құрылғылар және тағы басқалары. 
Қазіргі таңда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында КЕГОК компания тарихындағы ірі жоба, ұзындығы 1500 шақырым болатын «Солтүстік-ШығысОңтүстік 500Кв-тық ӘЖ транзитінің құрылысы» жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда.
Ұйымның жоспары көп. Біз ҚС қуаттық құрылғыларды жоспарлы түрде жалғастырып келеміз, жоспарланған кезеңде және мерзімде толық көлемде жөндеу жұмыстарын атқарып, инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырудамыз. 
Өздеріңіз аңғарған боларсыздар, біз бір орында тоқтап тұрып қалған жоқпыз, дамушы экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін ескере отырып, электрэнергиясын тұтынушыларға жеткізуде сенімділікті нығайту үшін ұдайы жұмыс жүргіземіз.
Біздің ұжым өз жұмысында өндірістік мәселелермен ғана шектеліп қалмайтынын аnап өткім келеді. Мемлекет басшысының мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында ұлттық үлгідегі оқу сыныбын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырудамыз.
«Орталық ЖЭТ» филиалында «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы қоғамдық бірлестігінің жұмысы жандандырылған, 2018 жылға жоспар жасалынды, партия қатарына жаңа мүшелерді тарту бойынша жұмыстар жалғастырылуда, Қарағанды облысы бойынша «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының қатысуымен жиналыс өткізілді.
2015 жылы «КEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыруды бастады. Ол бағдарлама стандарттау және бизнес-үрдістерді, құрылымдарды оңтайландыруға, озық тәжірибелерді қолдануға,тиімсіз операцияларды, үрдістерді, тәсілдерді анықтауғажәне жоюға бағытталған.
Жаңғыру барысында KEGOC-та компания қызметінің диагностикасы жасалып, соның нәтижесі бойынша компания мен қызметкерлердің қызметін бағалау жүйесін жаңарту жүргізілуде.
Филиалда өзгеріс Агенттері бекітілген. Олар филиал қызметкерлерін бизнесті трансформациялаудың негізгі кезеңдері және басты өзгерістермен таныстырады. Бүгінгі таңда Бағдарламаның «Диагностика және Дизайн» кезеңі аяқталып, «Трансформация Бағдарламасын Жүзеге асыру» кезеңі басталды. Бұл кезеңде қызметкерлерді тестілеу және Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында кәсіпорындардағы автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесін тестілеу жасалады.
– KEGOC осы саладағы барынша технологиялық компанияның бірі және онда қызмет ету – абырой. Осы орайда, кадрды іріктеу мәселесі қалай жүргізіледі, компания жас мамандарды даярлау ісіне қатыса ма? 
– Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Самұрық-Қазына» АҚ 2012 жылдың шілдесінен бастап өндірістік қызметкерлерді өзінің кәсіпорындарында дуалды жүйемен оқытуды қолға алған болатын. Осыған байланысты дуалды оқыту жүйесін енгізудің қанатқақты жобаларының бірі болып «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалы, ал әлеуметтік серіктесі ретінде Қарағанды политехникалық колледжі таңдап алынған.
Оқытудың жұмыс жоспары негізінде осы жылдың ақпан айынан бастап, филиал базасында тәлімгерлік әдісімен колледжің 12 студенті тағылымгер ретінде жұмысқа қабылданды.
Филиалдың дуалды оқыту жүйесі бойынша әлеуметтік серіктес болуы Қарағанды политехникалық колледжіне оқыту үрдісін жаңғырту және қызметкерлердің кәсібилігін арттыру үшін қаржылық грантты (70 млн.жуық теңге) жеңіп алуға мүмкіндік бергенін айтып өткім келеді.
Дуалды оқыту жүйесін енгізудің қажеттілігі кәсіби тұрғыдан берілген тапсырмаларды орындауға, белгілі бір кәсіпорында заманауи технологияларды меңгерген кәсіби мамандарды даярлауға қойылған талаптардың артуына байланысты. Жалпы айтқанда, дуалды оқыту жүйесі білім беру мен кәсіпорындардың тығыз қарым-қатынасына негізделген.
2017 жылы филиал облыс әкімі Е.Қошановтың төрағалық етуімен өткен ғылым, инновация және жаңа технологиялар бойынша Кеңестің отырысына қатысты. Онда қарастырылған инновациялық жобалардың бірі – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп ұсынған «Кедергіге қарсы үлестірілген «смарт-грид» жүйесі», яғни, ақпарат берудің аралас әдістерін пайдалану арқылы әуе электр жеткізу желілері тірегінің жағдайын басқару. Жүйе біздің филиалдың қызметкерлерімен тығыз байланыста және жаңа техникалық идеяларды бірлесе патенттеу негізінде жүзеге асырылады. Ақпаратты телеметрикалық беру арқылы катодты қорғанысты тәжірибелік зерттеу жұмыстары «Нұра» 500 кВ ШС жүргізілді.
Бір жоба аясында қорғаныстың кешенді жүйесін құрап, жоғарывольты ЭБЖ конструкциясы элементтерін диагностикалауға қол жеткіздік. Қазіргі таңда филиал алдына қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін үздіксіз даму және жаңа өміршең идеялар мен шешімдердің тұрақты ағыны қажет. Филиалдағы өнертапқыштарды ынталандыру және қызметкерлерді
оңтайландыру және зерттеу жұмыстарына тарту үшін «Үздік өнертапқыштық ұсыныс» байқауы ұйымдастырылады. Байқаудың негізгі мақсаты – барынша тиімді деген өнертапқыштық ұсыныстарды анықтау және ондай ұсыныс авторларын көтермелеу. Креативті идеяларды жасау ғаламат жобаларды жүзеге асыру жолындағы алғашы қа-
дам болып табылады.
– Төлеу Ақанұлы, барынша әлеуметтік жауапкершілігі зор компаниялар бүгінде табысқа жетеді. Осыған орай, сіздің филиалда және жалпы «KEGOC» АҚ жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобаларға тоқталып өтсеңіз.
– Иә, филиалда және жалпы компанияда кәсіпорынның әлеуметтік бағдарланған моделі жасалған. Филиалда жұмыс орындарының жағдайын жақсарту, еңбекақыны көтеру, қызметкердің қосымша демалыс күндері мен демалысқа шыққандағы денсаулығын түзеуге төленетін ақыны, мерейтой күндері төлемдерді арттыру сияқты мәселелерге баса назар аударылады. Энергетика ардагерлерін құрметтеуге айырықша мән беріледі. Зейнеттік демалысына шыққан қызметкерлермен байланысымызды үзбейміз. Олар «Орталық ЖЭТ» филиалының қамқорлығы мен оның үлкен ұжымының қолдауын әрдайым сезінеді.
Сонымен қатар, ұжымда ұрпақтардың сабақтастығы қолдауға ие, осы орайда «KEGOC» АҚ-да, «СамұрықҚазына» ҰӘҚ-да еңбек әулеттерін құрметтейді. Біздің филиалда да Адамовтардың еңбек әулеті бар. Оларды отбасы құндылықтарын сақтағаны және арттырғаны, көп жылғы өнімді еңбегі мен кәсібилігі үшін «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасымен марапаттаған болатын.
Қазіргі таңда филиалда осындай 18 еңбек әулеті бар. Еңбек әулеттерінің құндылықтарын, компания қызметкерлері арасында кәсіби сабақтастықты сақтау мен қолдауға бағытталған KEGOC-тың кадр саясатындағы басты қағидаларды жүзеге асыру нәтижесінде олардың қатары артып келеді.
Біздің «Энерготехпрофсоюз» кәсіподақ ұйымы да белсенді жұмыс жасайды. Жыл сайын диспетчерлер мен желі қызметкерлері арасында кәсіби шеберліктер байқауы өткізіледі. Сонымен бірге, филиал қызметкерлері энергетика саласы қызметкерлері арасындағы мамандықтар бойынша халықаралық жарыстарға белсенді қатысады. Біз салауатты өмір салтын насихаттай отырып, бұқаралық спортты дамытуға тұрақты назар аударамыз. 
Сондықтан, өз қызметкерлеріміздің арасында жыл сайын спартакиадалар ұйымдастырамыз. Өткен жылдың қараша айында болған «KEGOC» АҚ қызметкерлері арасындағы спартакиаданы біздің Орталық филиал ұйымдастырғанын айта кеткім келеді. Спорттың бес түрі бойынша жарыстар қаламыздың спорт кешендерінде жоғары дәрежеде өтті.
Қорытындылай келе, «KEGOC» компаниясы еліміздің электр энергиясы саласында сенімді түрде көш бастап келе жатқандығын айтқым келеді. Біздің серіктестер мен тұтынушыларымыз біздің қарым-қатынасымыздың ашықтығы мен сенімділігіне шүбәсі болмасын. Біз осы жетістіктермен тоқтап қалмаймыз, әрі қарай ілгерілей береміз.
Осы орайда энергетикаға күші мен білімін салып, адамдарға жарық пен жылу сыйлайтын жандарға алғысымды білдіремін. Шын жүректен, Компанияның әрі қарай гүлденуін, экономикалық тұрақтылық пен Қазақстанның энергожүйесін дамытудағы еңбегіне табыс тілеймін. Ал, облыс пен қала тұрғындарына, «Орталық ЖЭТ» филиалының ұйымшыл ұжымына баянды бақыт, мықты денсаулық, табыс, отбасы жылулығын тілеймін, өмірдегі жарқын сәттеріңіз көп болсын! Солардың кәсіби қызметі мен зор жауапкершілігінің арқасында көліктер, зауыттар мен фабрикалар, телефон және пошта байланысы үздіксіз жұмыс жасап тұр. Мұның бәрі еліміз бойынша әр үйге энергия жеткізетін энергетиктердің қиын, тіпті, тәулікке созылатын ерен еңбегінің нәтижесі…

Сұхбаттасқан
Қызғалдақ АЙТЖАНОВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button