Облыс әкіміРесми

Өнеркәәсіп дамуы қарқындай түсті

Облысты Индустрияландыру картасының екі бесжылдығының нәтижелері баяндалды. Осы жылдар бойы 7400-ден астам жұмыс орны құрылды. Жалпы сомасы 353 миллиард теңгеден астам қаражатты құрайтын 92 жаңа жоба іске асырылды. Импортты алмастыратын жаңа өнім шығарылды.

2020-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасы жобаларын іске асыру барысы онлайн-режимінде аппараттық кеңесте талқыланды.

– 2010 жылдан бастап іске қосылған жобалармен 1,5 триллион теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Оның ішінде, ағымдағы жылдың І жартыжылдығында – 252 миллиард теңгеден астам сомаға. Жобаларды іске асыру өндіріс көлемін 3,1 есеге, еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді (2009 ж. – 30,8 мың АҚШ доллар бір адамға, 2019 ж. – 46,1 мың АҚШ доллар адам басына), негізгі капиталға инвестициялар – 2,5 есе (2009 ж. – 76,6 миллиард теңге, 2019 ж. – 188,7 миллиард теңге), – деп баяндады өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Шорманбаев.

Ол облыста шығарылатын өнімнің бірнеше түрін атады. Бұл – болат арқандар, барит концентраттары, шарлы крандар, отқа төзімді материалдар, ферросилиций және тағы басқалары. Мұның бәрі импортты алмастыратын өндіріс, осыған дейін ұқсас тауарлар шетелден жеткізілетін.

Индустрияландыру картасына жалпы сомасы 911 млрд. теңгеге 13 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 118 жоба енді. Олардың үшеуі республикалық картаға енгізілген.

І бесжылдықта (2010-2014 жж.) жалпы сомасы 123 миллиард теңгеге 58 жоба іске қосылды. 4596 жұмыс орны құрылды. ІІ кезеңде (2015-2019 ж.ж.) 2828 жұмыс орнын құрумен 202,7 миллиард теңгеге 33 жоба іске асырылды.

 

Қазіргі уақытта облыста 2 триллион теңге сомасына 45 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның ішінде, 20 шетелдік компаниялардың қатысуымен. 2020 жылға 12 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған болатын. Олардың алтауы іске қосылды және тағы осынша бөлігі жыл соңына дейін қалды.

«Qaz Carbon» ЖШС байыту фабрикасының құрылысымен құю өндірісін жаңғыртуды аяқтайды. «Жәке» және «Шанс» шаруа қожалықтары етті және сүтті мал шаруашылығын дамыту саласында жобаларды іске асыруда. «Polymet Solutions Corporation» ЖШС резеңке-техникалық бұйымдар шығаратын жаңа кәсіпорын ашады.

«QazTehna» ЖШС Yutong автобустары мен карьер және жол-құрылыс техникасын шығаратын зауыт ең ірі жоба болып табылады. Жыл сайын 1200 автобус пен 500 бірлік арнайы техника мен арнайы көлік шығару жоспарланып отыр.

«YDD Corporation» ЖШС үшінші пешті іске қосудың арқасында өнім шығаруды екі есеге арттырады. Бұл Қазақстанға ферросилиций өндірісі бойынша әлемде бесінші орынға шығуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа инвестициялық жобаларды іздеу қажеттігін атап өтті. Аймақ басшысы кәсіпкерлікті қолдау картасын толтыру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

♦ ♦ ♦

Қарағандылықтар жергілікті фермерлерден көкөніс, ет және басқа да өнімдерді қолжетімді бағамен ала алады. Дәстүрлі күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері қазан-қараша айларында облыстың қалалары мен аудандарында өтеді деп жоспарланған. Карантин жағдайында сауда қатарлары санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады.

Бұл туралы аппараттық кеңесте ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сағынжан Апақашов мәлімдеді.

– Облыста жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы санитарлық қызметтер ұсынған барлық шараларды сақтай отырып, қазан айында басталады. Сондай-ақ, біздің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкелерге қатысады. Кесте бойынша біздің облыс елордаға 3-4 қазанда керуенмен барады, – деді спикер.

Сағынжан Апақашов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұру шаралары туралы айтып берді. Оның айтуынша, тұрақтандыру қорына 3400 тоннадан астам картоп, 787 тонна сәбіз, 228 тонна қырыққабат салынады. Жергілікті кәсіпорындар өз өнімдерін белгіленген бағамен жеткізеді. Сонымен қатар, тұрақтандыру қоры ұн, қант, қарақұмық, күріш және өсімдік майымен толықтырылады. Кәсіпкерлер азық-түлік сатып алу үшін қарыз ала алады. Бұл мақсатқа қаражат бөлінді. Сондай-ақ, жергілікті тауар өндірушілермен өнімді белгіленген бағамен жеткізу туралы меморандумдар ұзартылды. Бұл сүт өнімдеріне, макарон өнімдеріне, жұмыртқаға қатысты.

Әлеуметтік павильондар мен әлеуметтік бұрыштарда супермаркеттерде жергілікті өнімдер нарық бағасынан төмен бағамен сатылады.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәлімдеуінше, облыста әлеуметтік маңызы бар санаттан азық-түліктің 19 түрінің 14-і өндіріледі. Аймақ олардың сегізі бойынша ішкі қажеттіліктерді толығымен қамтамасыз етеді. Бұл – 1-ші сұрыпты бидай ұны, 1-ші сұрыпты ұннан пісірілген нан, картоп, сиыр еті, құс еті, макарон өнімдері, жұмыртқа және сәбіз.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button