Жаңалықтар

16 жастағы балаға күш көрсеткен

Теміртауда 16 жастағы балаға ер адам күш көрсетіп, ұялы телефонын тартып алған, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

Теміртау қаласы ПБ Ескі қалалық полиция бөліміне 42 жастағы қала тұрғыны жүгініп, 16 жастағы ұлына ер адамның күш көрсеткенін айтып шағымданған. Кеше кешкісін дүкеннің жанында ұялы телефонмен сөйлесіп тұрған жасөспірімге бір жігіт жүгіріп келіп, телефонын қолынан жұлып алып, қашып кетіпті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 19 жастағы жас жігітті ұстаған. Ол өзінің жасаған ісін мойындады. Заттай дәлел де тәркіленді. Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 191-бабы «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Басқа материалдар

Back to top button